Жетістіктің жүз қадамы
37 - қадам: санаңызды артық, жағымсыз ойлардан тазартыңыз
Өмірдегі ең ауыр дерт – ой. Оны емдеу мүмкін емес.
Эрих Мария Ремарк
Артық, жағымсыз ойлар сізге тек зиянын береді. Қалай ойлайсың, өмірің солай болады. Бұл өте дұрыс айтылған сөз. Альберт Эйнштейн айтқандай кез келген нәрсе екі жерде пайда болады.
«Алдымен ойда, одан кейін өмірде». Сол үшін де санаңызды артық ойдан арылтыңыз.
Қазіргі интернет дамыған дәуірде көпшілік жастардың ойы теріс жаққа қарай бағытталып жатыр. Батыстың және шығыстың небір түрлі бізге сәйкес келмейтін тіпті адамшылыққа сәйкес келмейтін өркениеті бізге де келіп жатыр. Адамға еш пайдасы жоқ небір түрлі нәрселерді жастарымыз өздеріне керекті етіп тұтып алады.
Оларға хеллоуин, кәрістің музыкалары немесе түр - келбетіне еліктеу, Түріктің және Үндістанның телехикаялары, осы сияқты интернет және басқа ақпарат құралдары арқылы небір түрлі пайдасы жоқ нәрселерді көпшілік жастар өздеріне місе тұтып, соларға еліктеуде. Бұл нәрселер адамға, біріншіден, еш пайдасын бермейді. Екіншіден, сананы бұзады. Әлі толық қалыптаспаған жасөспірімдер немесе 20 жасқа дейінгі жастар еліктеуде.
Біз білім, ғылымды, салауатты өмір салтын ұстануды, елді жақсы көруді, әдет - ғұры, тарихымызды білуді, патриотизмді ұстануды бірінші орынға қоюға тиіспіз. Бірақ мынандай батыс пен шығыстың өркениеті бізге түп - тамырымен енетін болса, жаңағы айтып кеткен басты құндылықтарымыз екінші орынға шығып қалуы ықтимал.
Сол үшін де алдымен саналы тұлға өзін бұндай нәрселерден сақтандыруы шарт. Бұндай пайдасы жоқ өркениет интернет дамыған дәуірде келе береді. Одан сақтанудың бірден - бір жолы әркім өзін және өз отбасын сақтандыра білсін. Сол үшін де сіз өз ойыңызға ерік беріп көріңізші. Не нәрселерге бейіліңіз басым. Сіз нені ойласаңыз, соған баратын жолға түстіңіз деген сөз.
Бірақ сол ойлап жүрген дүниелеріңіз сізді жақсы, жарқын өмірге апара ма, соған бір мән берңізші. Егер де сізді жамандыққа апаратын ойларыңызды байқасаңыз, одан дереу айығыңыз. Қолыңыздан келмесе, мамандарға жүгініңіз. Сана уланса, оны емдеу өте қиын.
Тіпті емделмей кетуі де мүмкін. Сана ол бауыр, асқазан, бүйрек емес дұрыс диагноз қойылып, дұрыс емін жасата емделетін. Сана бұл сіздің жан дүниеңіз. Сол үшін де кеш болмай тұрғанда бәрін ретіне келтіріңіз.
«Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» деген Кәмшат Бекжігітованың кітабын оқуға ұсынамыз. Бұл кітапта ойды қалай жүйеге келтіру жайында жақсы жазылған. Бастысы ойыңыз түзу, ниетіңіз таза, еңбектеніп, біліммен, тәжірибеңізді үнемі дамытып, мотивациямен алдыға ұмтылсаңыз, сіз алмайтын асу болмас. Есте сақтаңыз: барлық нәрсе алдымен ойда, одан кейін өмірде болады.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
37 - қадам: санаңызды артық, жағымсыз ойлардан тазартыңыз
- ramuk_b
- 5 қыркүйек 2021
- 1746
- 0
- 0
Ілмек сөздер: санаңызды тазалаңыз, жағымсыз ойлардан арылу, пайдалы кеңес
Ұқсас жаңалықтар:
65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз
Мақсатқа жетуге бұл – үлкен жетістік. Ал жетістік оңай келмейтіні анық. Мақсатыңызға жетуде небір түрлі кедергілер болатыны белгілі....49 - қадам: жылы сөйлеңіз. сөзіңіз өткір болсын
Отбасыңызда, достарыңыздың алдында, жалпы қоғамда жылы сөйлей біліңіз және сөзіңіз өткір болсын....28 - қадам: уақытты босқа өткізу
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлек. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,...Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық
Маубастық – адам бойындағы жаман әдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызға да, денсаулығыңызға да кері әсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын,...22 - қадам: салғыласудың тек зияны ғана бар
Егер де сізге сөз түсінбейтін немесе тек өзінікін дұрыс деп санайтын адаммен салғылассаңыз, сіз оның дәрежесіне түсіп, ол сізді тәжірибелігімен ұтып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.