Сайтқа кіру Тіркелу

Жақынынан айырылған адам білуі керек алты нәрсе

Пайдалы кеңес
Жақынынан айырылған адам білуі керек алты нәрсе
Бірінші, Барлық нәрсе - жалғыз, серігі жоқ Алланың әмірімен, қалауымен, тағдырымен болады.
Алла бір нәрсенің болуын қаласа, оған тек "Бол" дейді. Сонда ол бола қалады. Ал бір нәрседен сақтаса, оны ешкім де, ешқандай күш те өзгерте алмайды.
Әлемдегі болып кеткен, болып жатқан және болатын барлық нәрсе Алланың тағдыры мен қалауына сәйкес жүзеге асады.
Себебі, "Ол әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі" («Фұрқан» сүресі, 2 - аят)

Екінші, Алла - Әділ.
Басыңа түскен кез келген жағдай Алланың әділ үкімімен орын алады. Себебі, ол сенің не істеп, не ойлағаныңнан Хабардар және болашақта не болатыны да Оған жасырын емес. Алла Тағала ешкімге де, ештеңеге де қылдай да қиянат жасамайды. Ол бізді ешқандай қиянатсыз, әділ үкімімен басқарады. Ендеше, барлық нәрсе Оның әділ үкімімен жүзеге асып жатыр.

Үшінші, Алла - Мейірім Иесі.
Алланың мейірімі Оның ашуынан алда тұрады. Алла құлдарын жазалауға асықпайды. Ол сенің ойланып, ғибрат алып, қорытынды шығарғаныңды, Өзіне жақындай түскеніңді қалайды.

Төртінші, Алла - Даналық Егесі.
Басыңа түскен кез келген жағдайдың артында Алланың бір даналығы, бәлкім, ескертуі, бәлкім, соңғы мүмкіндігі жатыр...
Себебі, Алла тағдыр еткен кез келген жағдай бекерден - бекер болмайды. Әр нәрсенің өз сабағы, тәжірибесі мен тәлімі бар.

Бесінші, Алла құлын сынап, оның иман дәрежесін анықтайды. Оны шыңдай түседі. Қажыр - қайратын жаниды. Пісіреді. Өзіне мақтау айтуды ұмытпайтын құлын биік дәрежеге көтеріп, оны тығырықтан алып шығады.

Алтыншы, Алла адамдарды ауру беріп сынау арқылы не мал - мүлкінен, жақынынан айыру арқылы оларға "Құдайдың құлы" екенін естеріне салады. Ал құл өз Жаратушысына бағынуы керек.
Міне, сөйтіп, Алла өз құлын тазартады, Өзін еске алуға, Өзіне қайтуға, құтылуға мүмкіндік береді...

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дәретті сол қолыңмен ал

Дәретті сол қолыңмен ал

Қиямет-қайым орнап, махшар майданы кезінде Ұлық Алла әулие, ғұламаларға: – Мұхамбеттің тозақта жатқан үмбеттерін құтқарыңдар, – деп әмір етеді....
Омардың оқиғасы

Омардың оқиғасы

Бірде әділетті халифа Омар ибн әл - Хаттаб базарда жүрген сәтінде бір адамның: «Иә, Алла мені құлдарыңның ішіндегі "аздардың" қатарынан қыла гөр! Иә,...
Сақалымды сипама

Сақалымды сипама

Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп: Сендерді жер бетіне...
Адамдар жақсы көрсін десең...

Адамдар жақсы көрсін десең...

Қазақ жақсы адамды көрсе, «өзі бір иманжүзді адам екен», «жүзінен иманы төгілген жігіт екен» деп мақтап жатады. «Түсі игіден түңілме» деп, иманжүзді...
Қайырымдылық жасаудан жалықпайық

Қайырымдылық жасаудан жалықпайық

Душар болып жалғанның сынағына, Жандар бар ғой зар болған бір адымға. Үлдеменен бүлдеге орамай - ақ, Сен солардың хал - жағдайын сұрадың ба?...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×