Сайтқа кіру Тіркелу

Ұқыпты бала - әдепті бала

ОҚО, Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы
№12 жалпы орта мектебі өзін - өзі тану пәнінің магистр – оқытушысы
Устемирова Батия Бектемірқызы

Тақырыбы: Ұқыпты бала – әдепті бала
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиет: ұқыптылық, ұстаздарды сыйлау, денсаулық пен тазалық, тілалғыш болу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ішкі жан дүниесінде жалқаулықты қадағалай білу, ұқыптылық, тазалық, шыдамдылық құндылық ретінде мәнін ашу
Міндеттері:
а) Білімділік: оқушыларға жалқаулықты қадағалай білу, тілалғыш болу туралы түсінік беру;
б) Дамытушылық: оқушылар бойында ұстаздарды сыйлау, ұқыпты болу қасиетін дамыту;
в) Тәрбиелік: оқушыларды денсаулықты сақтай отырып, тазалыққа тәрбиелеу
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Ноутбук, электронды оқулық, смайликтер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді
түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсемгүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияыңыз бен тілек – қалауыңызды шайып жүрегіңіздің көзін ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, игі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны Осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзді ашуға болады.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Е. Өтетілеуов «Ұқыптылық» әңгімесін оқып келу
1. Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
2. Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
3. «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіздер?
4. Сендер өз уақыттарыңды қалай пайдаланасыңдар? «Табиғат аясында» үн таспасы
3. Дәйексөз.
Ұқыптының уақыты мол
М. Әлімбаев
1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Ұқыпты болу барлықтарыңның қолдарынан келеді ме?
3. Ұқыпты оқушы қандай қасиеттерге ие?
4. Өз ісіңе қалай ұқыпты болуға болады?
5. Жұмыс кестесін құруға, алдын ала жоспарлауға болады ма? Тақтада дәйексөзді жазып қою
4. Әңгімелесу, сұхбат. «Мұғалім сыйы»
Бір аптада
М. Жаманбалинов
Бір аптаның күндері өтті
Дүйсенбіде гүлдер ектім
Сенсенбіде жуа тердім
Сәрсенбіде су әкелдім
Бейсенбіде бақша баптап,
Жұма күні тақпақ жаттап,
Сенбіде мен кино бардым,
Жексенбіде бір демалдым.

1. Бір аптада бұдан да көп шаруа бітіруге болады ма?
2. Аптаның күндеріне кесте құрған дұрыс па?
3. Талаптан да ақыл мен өнер үйрен дегенді қалай түсінесіздер?
4. Еңбекқорлық пен жалқаулықтың қандай айырмашылығы бар?
5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық
жұмыс
Оқушыларды суреттер арқылы 3топқа бөлу.
1 - топқа: «Мен ұқыпты баламын» тақырыбында сурет салу, сурет жайлы әңгімелеп беру
2 - топқа: Өздерің әдептілік ережесін құрастырыңдар
3 - топқа: «Ұқыпты қыз» ертегісін аяқтау

Тапсырмалар жазылған үлестірме парақтар

6. Топпен ән айту
Сөзі: С. Молдасанұлы
Әні: Ф. Лұқпанова
«Бала тілегі»
Бал - балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.
7. Кері байланыс
Сабақтан алған әсерлеріңізді бөлісіңіздер. Стикерлерге өз пікірлерін білдіру. Әннің сөзі, караоке арқылы қойылады

Стикерге пікір жазып, тақтадағы арнайы парақшаға жабыстыру
8. Үй тапсырмасы:
- М. Гумеров «Дәме» оқып, әңгімелеу (84 бет)
- Қарапайым ереже Б. Ысқақов (85 бет ) Тақтаға жазу
9. Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет бар бүкіл әлемде.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×