Сайтқа кіру Тіркелу

Жанашырлық жанға қуат

«Өзін - өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Қарашоқы орта мектебі
Мұғалім Манбаева Алия Дюсенказыевна

Тақырып «Жанашырлық жанға қуат»
Құндылық сүйіспеншілік Қасиеттер. Мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық
Мақсаты:Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік бере отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Міндеттері
1. Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін дамыту;
3. Мейірімді болуға тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз, Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек - қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді, және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін, жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі сіздің ауызыңызға, тіліңізге, тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.
Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, нұрды уақытша түсініспей ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттайық, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде.... Мен нұрмын....
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет

Үй тапсырмасын тексеру.
«Оқып үйренейік айдарымен» берілген мәтінді оқып келу тапсырылған.
Талдау сұрақтары
- Арноның өз өміріне риза болмау себебі неде?
- Арноның жүрегін жылытып, өмірге басқа көзқараспен қарай бастады?
- Арно жан рақатын қалай тапты?
Ескерту
Әдістемелік нұсқаулық

6 сыныптың «Өзін - өзі тану» оқулығы
Дәйексөз
«Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле…»
(дәптерлеріне жаздырып, дауыстап оқу)
- Жақсылық дегеніміз не?
- Өзімізге жақсылықты қалай жасаймыз?
- Өзгеге жақсылықты қалай жасаймыз? 6 сыныптың «Өзін - өзі тану» оқулығы

Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
«Таза бұлақ»
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір - біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн - түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара - бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім - кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп - шалам түсіп, лай - қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні - түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол ренішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
Талдау сұрақтары
-- Бірінші жігіт не деп жауап береді?
- Екінші жігіт не деп жауап береді?
- Үшінші жігіттің жауабы қандай болды?
- Осы әңгімеден өздерің қандай ой түйдіңдер?

Ы. Алтынсарин
Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
«Әдептілік» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыру Ватман, түрлі түсті қалам
Топпен ән айту
Балдәурен
Балдәурен көктем асығып жеткен шағала күндер
Базарлы маусым шырқалған даусым тамсанып әсем
Балауса балғын шырқалған даусым барады көктем
Тербелеп билеп жайқалып билеп ән салып әсем

Қ - сы
Балдәурен балауса ән дәурен
Келеді қанатына самғаумен
Көңілдің ұшырып аққуын
Балауса бал бұлақ балдәурен

Жанына ыстың жүрекке жылу көңілі сұлу
Тояды көзің балдәурен кезің уақыт ау уақыт
Даламдай дархан тауымдай биік көңілі сұлу
Тояды көзің айтшы сен өзің уақыт ау уақыт

Үй тапсырмасы
Өзін - өзі тану оқулығы
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Балалар тыныштық күйінде бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жүректеріне түйіп алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×