Сайтқа кіру Тіркелу

Салауаттылық - өмір салты

Сабақтың тақырыбы: "Салауаттылық - өмір салты"
Мақсаты:
- Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін нығайту.
- Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
- Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
- Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;
- оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым - қатынас жасай білуге баулу;
- сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дәйексөз, қима қағаздар, қанатта сөздер.
Сабақ барысы
І. Шаттық шеңбері.
Жігер деген - Мен,
Күш деген - Мен
Жақсылық деген - Мен,
Бақыт деген – Мен
Денсаулық деген - Мен,
Байлық деген – Мен
Сенімділік деген - Мен,
Жасөспірімдік деген – Мен
Құдірет деген - Мен,
Ақылдылық деген - Мен
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Б. Сокпақбаевтың «Жекпе - жек» әңгімесін оқып келу.
* Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?
* Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?
* Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?
ІІІ. Ой қозғау
1. Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
2. Зиянды әрекеттерге адам неліктен үйір болады?
3. Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
4. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?
Дәйексөз.
«Өмірді әрқашанда қуанышты сезіммен қабылда, ол сенің даналығыңды көрсетеді.»
М. Монтеньнің нақыл сөзімен танысу.
Сергіту сәті.
- Салауаттылықты қолдайтындар орнынан тұрсын.
- Күнделікті жаттығумен айналысатындар оң қолын көтерсін.
- Темекіні зиянды дейтіндер сол қолын көтерсін.
- Жайдары мінез денсаулыққа пайдалы дегендер екі қолын төмен түсірсін.
- Денсаулықты басты байлық дегендер орнына отырсын.
Шығармашылық жұмыс.
Тәртіп пен еңбек -........ кепілі.
Жақсы күлкі -..... сенімді белгісі.
Әдемілік -...... белгісі.
Дене шынықтыру ойындары....... жәрдем етеді.
Жағдаятты талдау.
І - жағдаят. Жарас әкесінің темекі тартқанын ұнатпайды. Зиянды екенін түсіндіргісі келеді. Бірақ, әкесіне ақыл айтуға ұялады…
ІІ - жағдаят. Қаншама жылдардан бері «темекіні қоя алмаймын» - дейтін әкесі қатты ауырып, төсек тартып жатқалы бері темекіні аузына алмады. Бұған таң қалған баласына: « — Балам, зәулім үй, машина - барлығы болғанымен не пайда? Дүние байлық емес, бар байлық денсаулық екен», - депті әкесі баласына
Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес
 Ұстанымың - салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай орында;
 Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;
 Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды бол, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді;
 Жақындарыңды құрметте, ақыл - кеңестеріне құлақ сал, олар – сенің өміріңдегі басты құндылықтар;
 Өзіңе қызықты, рухани жақтан қанағаттандыратын іс - әрекеттерді таңдап ал;
 Таза ауада көбірек болуға тырысып, дене еңбегімен шұғылдан;
 Уайым - қайғыға берілме, көңіл күйіңді түсірме;
 Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе – зиянды.
 Жаның мен тәніңді мұқият тыңдай біл, оны сезін, зертте, сырына үңіл, үніне құлақ сал.
Үйге тапсырма
Аңыз әңгімені оқып келу.
Жүректен жүрекке.
«Денім сау болсын десем.........»
Әркім өзіне тілек тілейді

Үй тапсырмасы.
25 - сабақтан Аңыз әңгімені оқып келу.
Ой толғауды аяқтап келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×