Сабақ мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюді, елін - жерін қорғауға деген сүйіспеншілігін, отансүйгіштік, мейірімділік қасиеттерін кеңейту
Міндеттері:
1. Отанға еліне - жеріне деген отансүйгіштік, сүйіспеншілік түсініктерін кеңейту
2. Отанға деген сүйіспеншілік мақтанышын ояту
3. Отанды қорғауға, аялауға тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Сұрақтар:
1 Тыныштық сәті қалай әсер етті?
2 қандай әсер алдыңдар?
Қорытынды:
Олай болса балалар Отанымызды әрқашанда қорғап, аялауға дайын болайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
38 бет.№9 Ризалықпен алғыс
Алғыс
М. Төрежанов
Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:
- Ана. дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет!- деді.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсірген үшін бақшаға айтыңдар!
Балалар бақшаға жүгіріп келді де, қызанақ өсіп тұрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады:
- Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар!
Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:
- Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргеннің үшін көп - көп рақмет!
Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп:
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді,- деді.
Қасы мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:
- Рақмет саған, жомарт бұлт! Сенің мейіріңе суындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық!- деп айқайлады. Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:
Сұрақтар:
1. Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
2 Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
Қорытынды
Олай болса балалар әрқашан жасаған ісімізге ризашылығымызды білдіре жүрейік
Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Сұрақтар:
1 Мағынасын қалай түсіндіңдер?
2 Өздеріңнің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді жеткізіңдер?
Яғни, балалар әр адамның өз Отаны болады сол Отанымыздың біз қорғаушысы болып есептелеміз. Сондықтан адамды ормансыз бұлбұлға теңеп тұр екен.
Қорытынды
Ендеше балалар Отанымызды сүйіп, тек өз Отанымыздың нағыз азаматы болуға тырысайық
(жаттау)
Әңгімелеу
«Менің Отаным - Қазақстан» С Сейфуллин
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала - бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір бой жеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер... еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт - дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Сен барсың менің жанымда,
Көктемнің гүлі ашылған!
Балалық шағым қасыңда,
Тағдырым сенсің, Қазақстан!
Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де, біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
Сұрақтар:
1 Мәтінде не жайлы айтылған
2 Өздеріңнің туған жерлеріңнен мысал келтіріңдер?
Қорытынды
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсің» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Шығармашылық жұмыс
«Туған – жер» туралы шағын эссе жазу
Дәптермен жұмыс
Топпен ән айту.
Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем
Сұрақ:
1 Өлеңде не туралы айтылған?
Қорытынды
Балалар әрқашан өз Отанымызды қорғап, аялап Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді еш уақытта жоғалтпайық.
Үй тапсырмасы.
43 бет №10 сабақ
Жанашыр мәтінін оқып әңгімелеп келу.
«Туған - жер» туралы эссені аяқтап келу
Соңғы тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Отан сүйген ұланбыз
- ramuk_b
- 22 сәуір 2015
- 11673
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отанды қорғау, өзін өзі тану сабағы, Отан сүйген ұланбыз
Ұқсас жаңалықтар:
Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Ойнай білу де - өнер
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру - жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту -...Ақылды тыңдай білу де өнер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Іздегенде табылатын қасыңнан
№249 мектеп – лицейінің мұғалiмі Жанибек Раушан Жанибеккызы...Аялай біл, сен деп соққан жүректі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Мейірімділік, аялау, адамгершілік қасиеттерді жете түсіну Мақсаты: Жаныңда жүрген жақын адамдарды ( отбасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.