Сабақтың тақырыбы:«Басты байлық денсаулық»
Сабақтың мақсаты:
Әр оқушыға басты байлығымыз денсаулығымыз екенін ұғындырту.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыға денсаулықтан артық байлықтың жоқ екендігін түсіндірту.
- Оқушыға адамдардың бойында жақсы қасиет болса денсаулыққа әсері зор болатындығын. Жақсы ойлар арқылы денсаулықты дұрыстауға ықпал ету.
- Оқушылары барлық адамдарға деген адал болуға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Аралас, ізденіс сабағы
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (3 - мин )
2. Оқушыларды түгелдеу (2 - мин )
Үй тапсырмасын сұрау.
«Тәні саудың жаны сау» тақырыбына өз ойларын жазу.
Жаңа сабақ:«Басты байлық денсаулық»
Оқушылар 2 - топқа бөлінеді
Көрнекіліктері: бейне ролик, денсаулық жайлы жазылған тақырыптық газет, суреттер.
Шаттық шеңбері.
Оқушылардың барлығы шаттық шеңберіне жиналып мұғаліммен бір - бірімен сәлемдеседі. Әр оқушы төмендегідей ойды жалғастырады.
Мен денсаулықты сақтаймын.
Денсаулығымды сақтамау...........
Денсаулығымды күтпеу...............
Әңгімелесу.
1. Денсаулықты басты байлық деп не үшін айтамыз?
2. Спорт, күлкі, сенімділік денсаулық үшін қажет деп ойлайсыңдар ма?
3. Зиянды тағамдардың денсаулыққа әсері болады ма?
4. Жақсы ойлаудың денсаулығымызға пайдасы бар ма?
Дәйексөз «Ауырып ем іздегенше
Ауырмайтын жол ізде»
«Ауырып ем іздегенше
Ауырмайтын жол ізде» деген мақалды оқушыға сызба бойынша ретімен түсіндіру
Мәтінмен жұмыс. Экранда көрсетілетін бейне роликке әр топ жеке әнгіме құрастырып мағынасын ашып көрсетеді.
1 - топ.
1.«Ас адамның арқауы» делінген мақал денсаулығымызға қатысты ма?
2. Айран, сүт, құрт, сүзбенің денсаулығымызға пайдасы қаншалықты бар?
2 - топ.
1.«Спорт денсаулық кепілі» сөздің мағынасын ашып айтыңдар?
2. Жаяу жүргеннің пайдасы бар ма?
Сергіту сәті.
Екі топтың оқушылары бірге көңілді көңіл күймен бәрі «Бала тілегі» әнін айтады. Сөзі: С. Молдасанұлы. Әні: Ф. Лұқпанованікі
Шығармашылық жұмыс: Екі топқа бір - бірден сұрақтар таратылады, сұрақтарға эссе жазады.
1 - топ: «Денсаулық – зор байлық»
2 - топ: «Жаны саудың - тәні сау»
Әр топтан екі немесе үш оқушы шығып өз ойларымен жазғандарын оқиды.
Жүректен - жүрекке: Шаттық шеңберінде екі топ мүшелері де жиналады. Мұғалім екі топ мүшелеріне қағаздан жасалған гүл тапсырады. Оқушылар гүлге денсаулық жайлы тілекті жазып мұғалімге тапсырады. Мұғалім гүлді екі топтан да алып бар оқушыға мықты денсаулық жайлы тілегін білдіреді.
Басты байлық -денсаулық
- Айгуль25
- 30 наурыз 2015
- 3821
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Басты байлық денсаулық жайлы сабақ, өзін өзі тану
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да...Дені саудың - жаны сау
Мақсаты: Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»- деген қағидаларды бала бойына сіңіру....Дені саудың - жаны сау
Заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту төрт тағандап жүруді. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза...Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.