Психологиялық қарым - қатынас дегеніміз не?
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16 - орынды иеленді. Біздің университеттің басты ерекшелігі қала ішіндегі қалаға айналуы. Еліміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауының арқасында ҚазҰУ территориясы, университет кампусы күннен күнге әсемделіп көркейіп жатыр. Біздің университетте ҚазҰУ мұражайы, тәулік бойы жұмыс жасайтын 300 орындық жастар Интернет - орталығы құрылыстары, 14 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы, У. Жолдасбекова, спорт кешені, “Қазақ университеті”баспасы, газет, “Сана”телерадиостудиясы, 20 ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар технопарктен тұратын қалашық бар. Біздің университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Соның ішінде жетекші мамандықтардың бірі - психология да оқытылады. Бұл жастар үшін аса маңызды оқытылуы қажет сабақтардың бірі. Мысалы: Психологиялық қарым - қатынас.
Психологиялық қарым - қатынас студент тұлғасының қарым - қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі адам психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Қарым - қатынас екі немесе одан да көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Қарым - қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бір - бірімен тікелей, жүзбе жүз не жанама не біреу арқылы қарым - қатынасқа түседі. Осындай қарым - қатынастың мән - мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр. Өмірде кездесетін барлық қарым - қатынастарды үш түрге бөлеміз:
1. Қажетті қарым - қатынастар (Туған - туысқан, отбасы, ағайын арасындағы қарым - қатынас)
2. Міндетті қарым - қатынастар (Сатушы мен тұтынушы, мұғалім мен оқушы, дәрігер мен сырқат)
3. Ынтымақты қарым - қатынастар (Достар арасындағы қарым - қатынастар)
Қарым - қатынас мазмұны қарым - қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым - қатынасының негізгі құралына тіл жатады. Тілдік қарым - қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене - қимылдар, мимика, ым - ишара, бейне т. б. Қарым - қатынас бұл психология ғылымының негізі бөлімдерінің бірі
Жалпы айтқанда психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай - ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның негізгі мақсаты - психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып адамның мінез - құлқын зерттеу. Психология адам өмірінде маңызды рөлге ие. Себебі біздің өмірімізді жеңілдетеді, жарқын, бақытты және сәтті етеді.
Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А. А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Берден Лайлим 1 курс студенті
Экономика мамандығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Психологиялық қарым-қатынас
- berden.lailim
- 1 мам 2024
- 77
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қарым-қатынас, адам психикасы, Қажетті қарым - қатынастар
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ университеті: Психологиялық білім
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жай ғана оқу орны емес, ол Қазақстанның білімінің, тарихи мұрасының және интеллектуалды дамуының символы....Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы
Кәсіби қызметтегі сәттіліктің бірі - университет пен мамандықты дұрыс таңдау. Сондықтан, алға қойылған мақсатқа алғашқы және маңызды қадам ретінде...Қазіргі қоғамдағы Стресс: қиындықтар мен күресу стратегиялары
Өмірдің жылдам қарқыны, бәсекелестік, ақпараттық шамадан тыс қанықтылық және әлеуметтік үміттер физикалық және психикалық денсаулыққа теріс әсер етуі...Әлеуметтік интеллект - адам тұлғасының құрамдас бөлігі
Бұл университеттің студенттері мен оқытушыларына халықаралық конференцияларға қатысуға, тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік...Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым - қатынас ода ...
Ресей Президенті Владимир Путин Қызыл алаңдағы шерудің алдында Кремльде Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевпен сөйлесті. Тоқаев Ұлы Отан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.