Адамшылық безбені керек пе?
Адамдардың сана - сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру, оның тәжірибесі мен ақыл - ойына, зердесіне байланысты. Әрбір КІСІ, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс. Егер адамның түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді. Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани мәдениетінің барлық бағытынан нәр алып, жан - жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол толысқан, дамыған, жетілген азамат болады.
Ол адам қоғамдық өмірдің барлық қарым - қатынастар саласында, барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқан. Мысалы, қазақта:- бес асылды бойға сіңіру;- алты барлықтың қадірін білу;- жеті атасын саралап, тегін тектей алу;- сегіз парыз - қарызды өтеу;- тоғыз жаудан аулақ болу;- он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адам - КІСІ дәрежесіне көтеріле алмаған - деп есептеледі. Бұлардың сыртында, қазақ ғалым ғұламаларының, ойшылдарының ақын - жыраулары мен би - шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап, терең түсініп, ұлағат еткендер ғана КІСІ аталатын. Арамызда, ата сақалы аузына шыққан аталар мен самайын ақ шалып, әже аталса да, КІСІЛІК дәрежеге көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі текті тұлға өңдеп жетілдіруде, тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі екені жасырын емес. Екінші жағынан, ата - бабамыз, әр адамда адамшылық мінез - құлық, парасат - пайымның қалыптасу дәрежесін танып - біліп, өлшеп безбендейтін арнаулы тетік, сынау амалы, бағамдау жобасы, бағалау өлшемі болған. Оны өзге емес ең әуелі өздері керектеніп, өмірлік ұстаным болдырған. Сыншы, тәуіп, көріпкел, білгірлердің алдынан өтетін. Ақылмандардан бата алу дәстүрі қазақта осы негізде қалыптасқан.
Әл - Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған - тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар - ожданы таза болады" деген. Абай бабамыз, он бесінші қара сөзінде: егер өзіңе мұқият, есті кісі болғың келсе, өткенге ой жібер, еңбегіңнің өнбегін біле жүр, «күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал» дейді. Ал, ата - бабамыз: - Әр нәрсенің өз оқуы бар, өз әдіс - айласы бар, еп - икемі, жол - жорасы бар дейді. Мұның бәрі бүгінгі күнгі сіздердің білім беру, тәрбиелеуде оны игерілу дәрежесін анықтау технологиясы, және безбендеу көрсеткіші (критериі) бар дегенге саяды. Мен бірнеше адамшылық безбенін (сіздердің тестілеріңіз ғой) ұсынамын. Оны әуелі өзіңіз керектеніңіз, бағалаңыз, байқаңыз. Нәтижесін маманға көрсетіп, дәлелдетіңіз. Сонан соң ет жақындарыңызға, достарыңызға, құрбы – құрдастарыңызға талқылатыңыз. Соңында, олардың адамшылығын безбендеуші «маман» болып кеткеніңізді аңғармай қаласыз.
1. Ыбырай атамыз кісілігі бар адамның жағымды мінезін жеті түрде көрсетеді (бұлар хамида, яки мақтаулы, игілікті мінездер): Біріншісі: имандылық, Екіншісі: жаман мінез - құлыққа қарсылық, яки күй, яғни ең жоғарғы әділдік. Үшіншісі: адалдық, ақ көңілділік. Төртіншісі: сыпайлық, момындық, шын берілгендік. Бесіншісі: адал ниетпен кеңес, өсиет беру, Алтыншысы: жомарттық, кеңпейіл - дік, қайырым, Жетіншісі: шариғат бойынша дұрыс заңды: Мұнада малын орынды, үнемді жұмсау (үнемшілдік). Көркем мінездерді тізіп жазыңыз. Олардың әрбірінің сіздегі дәрежесіне баға беріңіз. Мысалы, айбат(1, 0), пәс(0, 5), осал (0, 0). Қойылған бағаның қосындысын табыңыз. Егер ұпай қосындысы оннан асса мінез байлығы сізге қонады. Жетіле беріңіз. Жетіге жетпесе, мінез түзеу « оқуын» оқыңыз, машықтану « сабағына» қатысыңыз.
2. Ұлықпан Хакімнің көрсетуінше, кіші пейілділіктің, қарапайымдылықтың мынадай жеті сипаты бар: 1. Ізгілікке құштарлық. 2. Айбатсыз елету. 3. Міндетсіз иба. 4. Дуалсыз қорған. 5. Кешірім сұрау - дан құтылу. 6. Періштедей тазалық. 7. Айыптан адалдық.
Безбенге тартылудың әдісі, қорытындылау амалы алдыңғымен бірдей. Егер қорытынды да жинаған ұпайыңыз жетіге жетпесе, мына мекен жайға хабарласыңыз:
[E - mail: Abaiagahobd@yandex. ru Abaiagahobd@yandex. kz Abaiagahobd@yandex. ua. +77081286412; +77012537215: 87086187399 87024040362] Адамшылық игі қасиеттерді ұғыну, игеру жайында толыққанды мағлұмат, көмек ала аласыз.
3. Хазірет пайғамбар ғ. с. былай деп бұйырған: мен үшін алты нәрсеге уәде берсеңдер жәннатқа кірулеріңе кепіл болайын, біреулерін сөйлегенде өтірік айтпасын, қашанда уағда етсе айнымасын, қашанда аманат етілсе қиянат етпесең. Харам нәрсеге қараудан көздеріңді жұмыңдар, харамнан қолдарыңды тыйындар және абыройларыңды қорғаңдар, зиянқорлықтан аулақ болыңдар.
Уәдеге қаншалықты бекемсіз? Алдыңғылармен бірдей өзіңізді өзіңіз безбендеп көріңіз. Хабарласып көмек алуға болады.
4. Пайғамбар(с. ғ. с.) бір хадисінде: «Тәңірім маған тоғыз өсиет айтып қалдырды. Мен сендерге
жеткіземін...»- деген екен. Осы тоғыз өсиетті тізіп жазыңыз. Оның әрбірінің мәнін түсіндіріп, белгілеңіз. Оларды қалай орындап жүргеніңізге жоғарыдағы әдіспен баға беріңіз. Егер
нәтиже тоғызға жетпесе, біздің мектепке» келіңіз.[Smart pedagogica кеңесі]
5. Қазақта алты барлықтың қадырін білу керек деген аталы сөз бар. Осы алты ауыз сөзді жеке - жеке тақырыпша етіп тізіп жаз. Оның мазмұнын толық ашып жаз. Жазбаңды жоғарғы адреспен жібер. Егер жіберуге құлықсыз болсаң bilimsite. kz - тен Рухани жаңғырудың бір қыры атты мақаланы оқып, жазбаңмен салыстыр. Ол саған екі мәтінге сыни көзбен қарауға мүмкіндік береді, әрі өзіңе өзің баға беретін боласың.
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым - жазушы)
27. 06. 2019
Адамшылық безбені керек пе?
- Абай аға
- 28 маусым 2019
- 2198
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Адамшылық безбені керек пе, мақала
Ұқсас жаңалықтар:
Жан қазынасы да өлшенеді
Абай атамыз «Адам» ұғымына сипаттама беріп, оның қалыптасу және даму сатыларын анағұрлым ашық сипаттаған еді....Рухани жаңғырудың бір қыры
Ұстаз әлемін жаңа жолға түсіру үшін жасалуға тиіс тәрбиенің баршаға ортақ бір-екілі жолы көрсетілген...Қара сөздер. Абайдың он бесінші қара сөзі
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты...Жан сұлулығы-үлкен байлық
Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Шарбану...Мінез-көңіл күйдің айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 Циалковский атындағы мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна Тақырыбы: Мінез – көңіл айнасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.