Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілігі:
Өтетін орны:
Жүргізуші:
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», — деп Сара Алпысқызы айтқан екен.
Бүгінгі «Өзін - өзі тану» пәнінің негізгі авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 12 ақпан туған күніне арналған «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының гимні
Назарбаева Сара Алпысқызының өмірбаянымен таныстыру
Жүргізуші:
Ел баласын мәпелеп саялаған
Әр баланы жан тәнімен аялаған
Біледі үлкен кіші бар еңбегін
Бала үшін күш жігерін аямаған.
Жайсаң жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елбасына тірек болып қолдап жүрген
Аман саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі «Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндігіміздің ашылуы көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін бір бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік!
Сәлемдесу сәті
Оқушылар хормен:
Иіліп сәлем бердік атқан күнге!
Иіліп сәлем бердік, қонақтарға!
Иіліп сәлем бердік ұстаз сізге!
Иіліп сәлем бердік, достар бірге!
Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұра қалады. Бір біріне жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарап қолдарын созады.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.
Жүргізуші:
Бар жақсылық бір өзіңнен табылар
Ұстазға тән қасиеті бәрі бар
Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған
Шәкіртіңнің жыр — пейілін қабыл ал
Музыкалық әуен:
«Аяулы ана»
Жүргізуші:
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңімен
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,
Өтеді әр адамның жүрегінен, - дегендей салтанатты жиынның алғы сөзін аяулы ана, шәкірттердің сүйікті ұстазы, аса құрметті білімді де білгір басшымызға ұсынамыз!
(музыка әуенімен ортаға екі қыз көркем сөздерін айтады)
Оқушы:
Анам менің аялаған ақ гүлім
Анам менің бақытым мен шаттығым
«Анашым» деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімедің тәтті үнін
Анам менің өмірдегі тірегім
Анам менің кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін
Ана - дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана - дейді жас сәби де жарқылдап
Ана - деген бәйтерегі өмірдің
Ана - деген алтын қазық алтын бақ
Ана - деген асыл жандар болаттай
Ана - деген мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды танытпай
Оқушы:
Анасыздар кең байтақ даласыздар
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар
Көлеңке жоқ көңілінде қылауы жоқ
Үлбіреген жауқазын баласыздар
Сіздер Күнсіз аспанда жарқыраған
Сіздер өзен, тау суы сарқыраған
Сіздер ана сіздер жар сіздер қыздар
Сіздер жаңбыр ақ нөсер сарқыраған
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз!
Музыкалық әуен:
«Ана»
Жүргізуші:
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі «Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізілді.
Жүргізуші:
«Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.
Жүргізуші:
Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» дейді.
Оқушы:
Өзің дара тұлғасың
Мен үшін өзің данасың
Мейірімді көзбен қарайсың
Айналайын Сара ана!
Ұқсайды дархан көңілің
Ұлан байтақ далаға
Ұсындың бізге мейіріммен
Өзін өзі тану сабағы
Берері мол бұл пәннің
Мың алғыс саған айтамын.
Оқушы:
Жанарыңыз мөлдір судай тұңғиық
Тірі жанға жылы шырай нұр құйып
Сіз шықсаңыз арқаланып қалушы ек
Алдымыздан көрінгендей бір биік
Таң атар деп әлі алдан арайлы
Аманаттап қалдырады талайды
Өзін өзі тану сан ұрпақтың санасы
Жаңғыртуға ғибратты жарайды
Оқушы:
Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз
Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз
Сіздің әрбір ісіңізден өнеге алып
Әрқашанда алдыңызда бас иеміз!
Әрбір айтқан ақылыңыз шуақ бізге
Бойыма күш бергендей қуат табам
Шын көңілмен мен бүгін өзіңе арнап
Жүрегімнің түбінен жыр ақтарам
Қиындықты көрсем де жасымаған
Қамқоршым да өзіңсің Сара анам!
Қуанышқа кенеліп әр күн сайын
Жүре бер деп тілеймін есен аман
Оқушы:
Жанарынан жылылық сезіледі,
Жүрегінен мейірім төгіледі
Сара апаны ойласам өмірімнің
Төріндегі қиялы сөгіледі
Сізді көрсем бақыт та көрінеді
Сіз арқылы бақытым өріледі,
«Өзін өзі тану» пәні арқылы,
Ажыраттым ақ қараны өмірдегі.
Оқушы:
Аяулы да алтын жүзді анашым
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың сен аспансың биіксің
Сен дарқансың, сен жомартсың данасың
Оқушы:
Сізге деген менің көңілім ұшан теңіз. Сіз әрбір бүлдіршіннің шуақты шаңырақ астында, балаларды адамгершілікке баулу үлкен мән бердіңіз! Аяулы ана! Көңіліңіз шат, жүзіңіз жарқын, деніңіз сау болсын деп әрқашан тілейміз!
Музыкалық әуен:
Жүргізуші:
Ананың бақыттысы, сымбаттысы,
Халқының ардақтысы, қымбаттысы
Өз - өзін танытып үлгі еткен
Мың алғыс сізге Сара Алпысқызы
Жүргізуші:
Жақсы қасиет барлығы
Бойымыздан табылды
Үйреткен бізге кім екен?
Шешуін таптық біз бүгін
Өзін - өзі тану пәні екен деп бүгінгі Сара Алпысқызының туған күні мен «Өзін - өзі тану» пәні апталығына орай өткізіліп отырған салтанатты кешімізді аяқтаймыз!
Жүрекке жол тапқан – мейірімді ана Сара Алпысқызы
- ramuk_b
- 31 қаңтар 2019
- 3883
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жүрекке жол тапқан, мейірімді ана, Сара Алпысқызы
Ұқсас жаңалықтар:
Алтын жүрек анамыз
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға...Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы
Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні муралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдыр қойылды. Оқушылардың...Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар елінде...
Мақсаты: - оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету; - оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы...Бұдан артық әлем болмас
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Өзін-өзі тану. "Мейірімділік - асыл қасиет" 4-сынып
Палодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгалиева Сауле Сабетевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.