Сайтқа кіру Тіркелу

Тәтті түс

Тәтті түс

Мені іздеме...
жүр бірақ, мұны біліп,
Жұрт ұйқыға кеткенде кірпік іліп.
Қара түнді қақ жарып шығамын да,
Оятпай - ақ, түсіңе кетем кіріп.

Айналасың сол сәтте егізіме,
Жаныым деген елітіп лебізіме.
От боп өртеп, содан соң батырамын,
Махаббаттың тұңғиық теңізіне.

Өзіңе тән, жарқыным жеңіс күтпе,
Маған бағын түсіңде...
келістік пе?
Қанат бітіп ұшардай күйге енгізем,
Сапар шегіп қайтарсың кеңістікке

Тең көрмейсің әлемді бұл түніңе,
Жүрегіңнің мән берем дүрсіліне,
Бал шәрбаттан дәм татып мас боласың,
Шамаң келмей, аһ ұра күрсінуге.

Сыйлап кетем, ләззат шақ мол бағыңа,
Куә болып, көңілің толғанына.
Көзіңді ашып, ұйқыңнан оянғанда,
Өкінерсің," түс"қана болғанына.

Айгүл Қалтайқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×