Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен,
Ауаның жазғы жұпарын.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқынды мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяңдай.
Тербеді даусым ауаны,
Дыңылдап қалқып баяулай.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Тау ішінде
- ramuk_b
- 30 қараша 2019
- 2313
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тау ішінде, Тау ішінде өлеңі, Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қырда
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп, Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп. Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп....Біздің жақта
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар....Кәрілік туралы
Бар болса білім, Сен сөйле, тілім, Жан менен дене бірінде. Ойласаң, көңіл, Өзіңе жеңіл, Қайратың қалың күнінде....Әрәйнә
Әрәйнә, жігіттер, Әрәйнә! Арғымағың жарай ма? Астыңа мінген арғымақ Аяңдай түсіп, марай ма?...Бидай туралы мақал-мәтелдер
Қара жерден аппақ бидай өнеді. Бидайдың барар жері — диірмен....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.