Маржандай тізген жырымды
Айтайын болсаң, тергеген:
Домбырадай күйленіп,
Ән тасып көкірек кернеген.
Махаббат толып жалындай,
Лүпілдеп жүрек тербеген.
Шаттанып күйлер қауласып,
Қосылған әрбір пернеден.
Дүниеге жайып құшақты,
Күштерім құлаш сермеген.
Шаттанған тасып өлеңді,
Айтпауға ерік бермеген.
Кейде толып көкірекке
Кектер толып кернеген.
Жігер қайнап зұлматқа,
Дүниеден шындық көрмеген.
Көз жасын көріп сорлының,
Екпінді қызу өлеңді
Көкірегім жылап еңіреген
Айтпауға ерік бермеген.
Тергеген болсаң айтайын
- ramuk_b
- 30 қараша 2019
- 1902
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тергеген болсаң айтайын, Тергеген болсаң айтайын өлеңі, Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Рұксат бер!
Жүректің жазықсыз дүрсілінен Қимастық кернеген күрсінуден.. Арманға асыққан таңдарымнан Көктемнің алғашқы бүршігінен...Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген....Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан
Әр нәрсе шағымызда болып жатқан. Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық, Тастаңыз жамандықты толып жатқан, Құрметті ел билеген хакімдер де Жыландай зәрін...Онегиннің сипаты
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген, Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген. Нанасың не айтса да, амалың жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген....Жездеге тілек
Жарқырап осы күнмен айдын бағы, Тағы да қуанышта ой туғаны. Жездеміз мерей жасқа толып отыр, Шаттықтың сезіледі той-думаны....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.