Сайтқа кіру Тіркелу

Қасірет

Қасірет

Әнау әже неменеге жылап жүр,
Шашын жұлып, бетін неге тырнап жүр?
Өкпеліме келгеніне өмірге,
Не жазыпты жазғырардай мына өмір?!

Әжімінде - көрген бейнет әлі тұр,
Алақаны алыныпты - қаны тұр.
Ұрпағы үшін бәрін жеңген бейнеттің,
Ақ шашынан маңайы да танып жүр.

Шөбересі неге тірек болмай жүр,
Немересі неге қолын созбай жүр,
Келін қайда кеше түскен, қыз қайда,
Басқа үйдің қамын күйттеп "боздайды" ұл.

Қалауы ғой бәрі Алланың,
Дегенмен,
Бір сауалға жауап таппай келем мен:
Тауқыметке төтеп берген тажал жан,
Ұл - қызының мейріміне шөлдеген?!...

Жалған ойды, о, жаратқан, болса жой,
Ой келмейді жібі түзу тоңса бой.
Жыламас ед...
Жылатпас ем мен оны,
Осы әже менің әжем болса ғой...

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×