Алғашқы қар
Қарашада қылауласа қар жаңа,
Ауа өзгеріп нәр береді ағзаға.
Ұмыттырып уайымыңды,
Бойыңа
жақсы ойлар құйылады жап - жаңа.
Жақсы ойға жабысады ақ шабыт,
Өлең қылып өлшеп - пішер басқа құт.
Шаттанғаннан шашу қылып шашады
аппақ - аппақ ұлпаларын ақша бұлт.
Алғашқы қар... келді... кетті... – еркіндік...
(Кетпесіне бермес ешкім кепілдік) –
келіп - кеткен ақ бетіңнен бір сүйіп
алғашқы - аппақ махаббатың секілді.
Биғали Шоман
Алғашқы қар
- ramuk_b
- 26 желтоқсан 2023
- 2039
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алғашқы қар, қар туралы өлең, тақпақ, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Құйылған тегін ақша құт болмайды
Құйылған тегін ақша құт болмайды, Ешқашан еңбекшіл қол сұқ болмайды. Тер төккен адал істе ер басынан құт таймайды... үйінде жұт болмайды!...
Достарға сый
Жапалақтап жауып тұр ұлпа тағы, Сиреп қапты көшеде жұрт қатары. Бірдеңесін жатқандай үлестіріп, Мені бір күш барады сыртқа тартып....
Қыстың күні
Күн күлмейді еркінше нұрын шашып, Дамылсыз көк күмбезін бұлт басып. Отыр міне қарт анам ойға шомып, Таянып ұршығына, құты қашып....
Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар
Дала нұр, қала нұр Құтты болсын Жаңа жыл Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Нұр жайнаған ажары...
Көктем неткен керемет!
1«б» сынып оқушысы: Искаков Ақбар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.