Бір атты сатып міндім елу беске,
Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке.
Бозбала, бекер сал боп неге керек,
Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке".
Бәйгеден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ - талайын?
Жиылып үлкен - кіші отырғанда,
Толқытып "Ақсеркешке" мен салайын.
Жем жейді қара арғымақ түрт дегенде,
Аяғын жекей басар қық дегенде.
Жерлерге үш айшылық болады азық,
Аузынан жан қалқаның үп дегенде.
Ақсеркеш
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2019
- 1321
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақсеркеш, Ақсеркеш өлеңі, тақпақ, Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Аяқ туралы мақал-мәтелдер
Аяғы сынған жатып семіреді, Қолы сынған жүріп семіреді....
Бауыр туралы мақал-мәтелдер
Айтысқан ауыл болмас, Болыспаған бауыр болмас....
Көкшетаудан салдырған
Көкшетаудан салдырған Қара үңгір жолдары. Сабантаудан жиылып, Бес сан болды қолдары. Өзің қонған Көкшетау, Кәпір қала салды, ойла....
Торыны таң асырып мінген қандай
Торыны талға байлап мінген қандай, Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай. Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып, Сыбанып ақ білекті түрген қандай....
Өнер-білім бар жұрттар
Өнер - білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып - жұмғанша, Жылдам хабар алғызды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.