Лүпілдей соқты жас жүрек,
еркелеп назбен қарадым.
"Поезда-ақ хатты жазшы?!" - деп,
елжірей қалды жанарың.
Сезімтал жүрек, жас жаным -
бәрі де сен деп талпынды.
Білдірер аяқ басқаның
абыржып тұрған қалпыңды.
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,
теңіздей жүрек толқыды.
Ышқынды гудок жүр-жүрлеп,
мұңая қарап ол тұрды.
Сөйткенше қолдар бұлғанды,
мөлдіреп көздер соңғы рет.
Айтылмай талай сыр қалды,
қимастық сезім толды кеп...
Лүпілдей соқты жас жүрек
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2019
- 1316
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Лүпілдей соқты жас жүрек, өлең, тақпақ, жыр, махаббат туралы өлең
Ұқсас жаңалықтар:
![Өкпелесіп қалып еді қос ғашық...](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Өкпелесіп қалып еді қос ғашық...
Бір-бірімен жан-дүниесі астасып, Шын сезіммен жүрген еді достасып. Көз тиді ме, тіл тиді ме, білмедік, Өкпелесіп қалды бүгін қос ғашық....![Бір түрлі](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Бір түрлі
Өткізіппін сенсіз тура мың күнді Бәлкім жүрек болмайтынға ұмтылды Бір кездері "тек сендікпін" деуші едің Сүйіп жүріп, жек көруің бір түрлі...![Жүрек туралы мақал-мәтелдер](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Жүрек туралы мақал-мәтелдер
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке, Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе. Жүректің жолы — ыстық, Білектің жолы — суық....![Соқ, жүрек, солқылда, ми](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Соқ, жүрек, солқылда, ми
Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет, Мен бір жаққа асығамын......![«Аға!» - дедің, бұрылдым](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
«Аға!» - дедің, бұрылдым
«Аға!» - дедің, бұрылдым Ұп-ұзын екен бұрымың. «Аға!» - дедің, қарадым: Жарқылдап тұр жанарың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.