Дейді солай әкеміз:
"Ұстазыңды ұлықта".
Дейді солай анамыз:
"Сыйлауды әр кез ұмытпа".
Берген білім бұлағын,
Оятқан әр күніңді.
Мерекеңіз, мұғалім,
Құтты болсын бүгінгі!
Жүздік нұрлы кемеде,
Білім жолдың бәрі - күн.
Сізден алдық өнеге,
Сізден алдық тағылым.
Ізгіліктің қандайын,
Осы жолдан тапқаным.
Дейсіз бізге әрдайым:
"Әр шәкіртім - мақтаным!"
Көріп соның жемісін,
Жаныңыз да нұрланған.
Еткен еңбек ел үшін
Қол бұлғасын шыңдардан!
Ұялайсыз зейінге,
Тілекшіміз бәріміз.
Шәкіртке әр кез сүйін де,
Тек құрмет көріңіз!
Дейді солай әкем де:
"Ұстаз күнін ұлықта!"
Дейді солай анам да:
"Құттықтауды ұмытпа!"
Дейді солай бәрі де
Ұстаз берер тағылым.
Адамдардың бәріне
Сіңірген деп тәлімін.
Үлгі тұтқан білімді,
Тербеп жанның құштарын.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын, ұстазым!
Шәкірттің ұстазын құттықтауы
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2019
- 1907
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шәкірттің ұстазын құттықтауы, құттықтау өлең ұстаздарға, мұғалімдерге, Ғабиден Қожахмет өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Алғашқы ұстазға
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін, Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным. Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда, Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын....
Білім күні құтты болсын, Мұғалім
Жиып алып балғын шәкірт достарды, Салтанатты сәтке бөлеп жас жанды. Мектептердің қоңырауы қағылып, Тағы, міне, білім күні басталды....
Әкені қызының құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер....
Ұстазыңды ұлықта
Студенттерге үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білуге үйрету. Студенттерді ардагер ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, ұстаз мамандығының қыры мен...
Туған күнді тойлаймыз
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы: Ғилажова Лариса Байболатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.