Өсіп-жетілдік сенім бағында,
Сенімнің бағы - ана мейірімі.
Күндерді осы сенің барыңда
Санаймыз, ана, өмір сыйлығы.
Әрбір күніміз сен барда ыстық,
Сенің болғаның бізге бағалы.
Сенімен бірге бақытты құштық,
Ана мейірімі күліп қарады.
Ортасында өзің болып көп істің,
Мақсаттарға да бұрған сен, ана.
Өмірде жеткен әрбір жеңістің
Бастауында да тұрған сен, ана.
Білінбейді екен еленіп уақыт,
Сен барда, ана, қамсыз балапан.
Оған да ертең келеді бақыт,
Өйткені сенен жылу тараған.
Ертең де болар оның шат жаны,
Есіміңді оқып өлең-дастаннан.
Тіршілік жолдың әрбір соқпағы
Өйткені, ана, сенен басталған.
Шаттаншы бізбен қосылып, ана,
Болсын деп ұзақ осы күн, ана.
Бақыт күндердің бастауы болған
Өзіңнің әр кез есімің, ана.
Әрбір күніміз бізге бүгін құт,
Сен барсың бірге, ана, өйткені.
Адалдық жолын сенен ұғындық
Осынау жол деп өмір мектебі.
Мейірім атты бейнеден тұрған
Жүзіңді тәңір жасапты керім.
Сол жүзде әр кез салтанат құрған
Тұрады өшпей тәубешіл сенім.
Арналған кеше біз үшін уақыт
Күнің мен түнің қаншама, ана.
Перзент боп бүгін тіледік бақыт,
Болмасын мұңың, шаршама, ана.
Сәбиге иіп шыр еткен, ана,
Сол жүзден енді шаттық кетпесін,
Жазылған атың жүректе дара
Перзенттер үшін ең бір текті есім.
Перзенттерінің аналарына тілегі
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 1177
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Перзенттерінің аналарына тілегі, өлең, тақпақ, жыр, өлең шумақтары, Ғабиден Қожахмет өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Әпкеге тілек
Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты, Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты. Біздің үйден басталған бір соқпақ жол Сені бізден бақытқа ала қашты....Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір....Гүлі едің аялаған ата-ананың
Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....Жан анама
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам, Бар шуағын баласына арнаған. Бір өзіңнен қуат алып өмірде Сенің салған сара жолды жалғағам....Қарындастың ағаға тілегі
Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады. Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін Қарындас боп сезінді сырға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.