Тоқтышағым, тоғыз тап,
Саулық қойым, сегіз тап,
Сегізін де семіз тап.
Құла бием, құлын тап,
Құлын таппа, құнан тап,
Құнан тапсаң, егіз тап.
Бөкен жүнді бөрте ешкім,
Төрт айда бол төрт ешкім,
Төртеуің де бөрте бол.
Өлмей, жітпей, есен боп,
Қой алдында көсем боп,
Төртеуің де серке бол.
Әукем, бұзауды алты тап,
Әукелері салпылдап,
Өгіз болсын атандай.
Бақайлары майысып,
Елемесін қайысып,
Адам мінсе де атамдай.
Бөбектің тілегі
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 2289
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бөбектің тілегі, Бөбектің тілегі өлеңі, Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Төрт түлікті түгендесек
▪ Қамбар ата – жылқының пірі, иесі әрі киесі. ▪ Құлын, құлыншақ – жылқы төлі. ▪ Жабағы – бір жылға дейінгі төл....Төрт түлігіміз сай болсын
Кең пейілді қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық қой. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын,...Төрт түлік жырлары. Торы құлын
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту, малдың өрісімен, қадір - қасиетімен таныстыру. Төрт түлік соның ішіндегі құлын жайлы мағлұмат беру....Асқар Тоқмағанбетов "Түлік"
Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Екейбаева А. З...Сан есімнің түрленуі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жүрментаева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.