Сенің арың зарлайтыным өмірде.
Сенің арын арлайтыным өмірде.
Сен не көрсең, мен де соны көремін,
Белді бағам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң, көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң, қайғы - шерім аршылар.
Айт өлеңді, ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар!
Қамысты өзен, құрақты көл, ен дала,
Құсы шулар, мал дабырлар ел - дала...
Лағнет оқып, бәріне де қол сілтер,
Өміріңе селт етіп пе ең бишара!
Қан боп қатқан жаралы еді жүрегің,
Құрт жегендей кептің, семдің, жүдедіп.
Таң алдында – шырт ұйқыда жатқанда,
Сен жылаушы ең, жүгіруші ең, білемін!
Жалба - жұлба ерді салып торыңа,
Бір шабан мал тап болғандай сорыңа:
«Кіс - кіс» деуші ең көзге ұйқың тығылып,
Құрықшаңды іліп алып қарыңа.
Құба жоңға шығып алып белеске,
Рақаттағы түскен кезде ел еске,
Мұңды әндерге салмайтын ба ең зарланып,
Аттан түсіп, шарт жүгініп белесте!..
Ащы даусың кетпеп пе еді алысқа,
Бой жеңдіріп ыза аралас намысқа.
Жас жүрегін тырнамап па ед лобытып,
Тезек теріп жүрген «күңнің» алыста,
Екі жақта зарланып ең екеуің,
Сезініп ең бір жарық күн жетерін...
Бостандықты алғаныңды қай түрде,
Айта берсем, тым ұзаққа кетемін.
Жылай - жылай, колың жетті тендікке!
Кім салады енді сені кемдікке?
Бүгінгі күн – шын қуанар мейрамың,
Салшы әнге, бойын жазып кеңдіңте!
Ащы дауысың ен даланы күңрентсін!
Ащы қайғы – көңілдегі кір кетсін!
Шын қаһарман жұбайынан айрылып,
«Қалқам» деген ауру көңілін тербетсін!
Сен жыласаң, көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң, қайғы - шерім аршылар.
Айт өлеңді, ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар!..
Кедейлер
- ramuk_b
- 2 ақпан 2020
- 8689
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Кедейлер, Кедейлер өлеңі, Бейімбет Майлин өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Мұғалім әйел алмаңдар
Өзгерді қазір талғамдар, Шындықтан көп - ау жалғандар. Естерің болса еркектер, Мұғалім әйел алмаңдар!...Он бес деген жасым-ай
Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай....Шеше, сен бақыттысың
Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың. Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның, Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой,...Неге жыламасын?!
Неге жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам....Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай, Батпан зілдер бассада жүр тарылмай. Шідірлеулі көңілді зулат, жырым, Баяғының құс қанат тұлпарындай....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.