Рұксат бер!
Жүректің жазықсыз дүрсілінен
Қимастық кернеген күрсінуден..
Арманға асыққан таңдарымнан
Көктемнің алғашқы бүршігінен
Жанымның нәп-нәзік бөлшегінен
Ғұмырдың мазмұнды өлшемінен
Еліткен тәп - тәтті ертеңімнен
Ең тұнық бұлақтан ерте күлген
Бақтағы бұлбұлдың үндерінен
Сағыныш кернеген түндерімнен
Көңілдің жайқалған гүлдерінен
Жыр десте өріп берейінші, жаным!
Көктегі кербез ай сәлемінен
Кеудемнің тек сендік әлемінен
Үнсіздік құшатын үмітімнен
Жапырақ мұңдардан үгітілген..
Жанардың тұп - тұнық қарашығынан
Ақ таңның ең мөлдір таза шығынан
Өлеңдей ең жақын жанашырымнан
Өмір боп туатын жаңа жырымнан
Гүл десте тағып берейінші, жаным!
Күз болып қауышқан сағыныштардан..
Жүректе туатын жарылыстардан..
Күн бейнем жүзіңе шағылысқанда
Ақ қанат арманым алып - ұшқанда..
Кей кейде тым батыл көзсіз мұңымның
Еріндер сыбырлап ессіз күбірін
Жыр болып түсіңде өбейінші, жаным!
Рұқсат бер
Рұксат бер!
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 1211
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Тергеген болсаң айтайын
Маржандай тізген жырымды Айтайын болсаң, тергеген: Домбырадай күйленіп, Ән тасып көкірек кернеген....Таңғы сыр...
Тербетіп тәтті ой – арман. Нұрына таңның тамсанып, бүгін, оянғам Тамылжып тұрып, тәнті еткен таңның шапағы, Тәңірлік тылсым түстерге екен боялған....Өзіңменен жүрегім егіз менің
Қасаңсып кеткен кезімде қайрақ тастардай қашалған, кездесіп, сендік сезімге, көзіме балқып жас алғам! Жас алғам - жаным жасарған, көктемгі жердей қан...Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай, Батпан зілдер бассада жүр тарылмай. Шідірлеулі көңілді зулат, жырым, Баяғының құс қанат тұлпарындай....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.