Анама бірінші хат
Өзіңді, анам, өмірде
Ренжіткен жерім көп.
Әжем «келін» дегенге
Мен де жүрдім «келін» деп.
Кейде шексіз еркемін.
Сөзін естіп атаның,
Құрдасыңдай мен сенің
Атыңды да атадым.
Қандай ыстық сезімің,
Мен бір көңіл бөлмедім.
Мол екен - ау төзімің,
Сонда да жек көрмедің.
Ене сырын ұғып шын.
Өр көңілін қия алмай,
Он екі жыл жүріпсің
Өз қызыңды сүйе алмай.
Ескертуді білмеген,
Тентектігім көп дейтін,
Таяқ жедім бір сенен
Мәңгі есімнен кетпейтін.
Ұрдың мені амал жоқ
Қателік боп ісімде,
Ұрдың мені «анам» деп
Айтпағаным үшін де.
Батса да тым жаныма
Неге ұрасың дер ме едім.
Қайталашы тағы да
Қайтпай жүрсе еңбегің.
Ес білгелі сөзің жоқ
Айналудан жаңылған.
Бірақ менің кезім көп
Қаталдықты сағынған.
Бойға шаттық дарыған
Білмен қапалануды.
Осы күні сағынам
Сенің шапалағыңды.
Зулай берсін ай, апта,
Тек еске алып өтем ғой.
Сенен жеген таяқ та
Тәтті болады екен ғой!
Анама екінші хат
Қалмадым бірге жаныңда
Болмадым сенің ермегің.
Шаршап бір жүрген шағыңда
Дайындап сусын бермедім.
Ауырып көп түн қиналдың
Қасыңда тағы болмадым.
Алыстан қатты сыйладым,
Алыстан хаттар жолдадым.
Сен үшін білем тым ауыр,
Көп көштің кеттім ішінде.
Мен үшін аз ғой бір ауыл,
Сөкпеші, мені түсін де.
Өмірім сенен мүлде өзге,
Жолдарды тану көп керек.
Қинама мені бұл кезде,
Қинама «алыс кетпе» деп.
Биіктік болса қаларым,
Төменді маған ұсынба.
Құстар да балапандарын
Баулиды биік ұшуға.
Анама хат
- ramuk_b
- 2 наурыз 2020
- 3309
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Анама хат, Анама хат өлеңі, Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Анама
Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым! ...Менің анам
Жердегі бар тағамнан Ана сүті нәрлі екен. Бұл жалғанда анамнан, Сүйікті адам бар ма екен?...Жан анама
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам, Бар шуағын баласына арнаған. Бір өзіңнен қуат алып өмірде Сенің салған сара жолды жалғағам....Кешір мені
Кешір мені... Келмес күндер үшін де кешімдегі, Мен артыма қарамай кетіп барам Сол үшін де жарығым кешір мені...Жұбайлар жыры
Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген, Келбетіңнен сенімнің күшін көрем. Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, Сен сияқты мені ешкім түсінбеген....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.