Жалғанда жалғыз Құдай бар,
Басыңнан сипар басқа жоқ:
Жайыңды сенің кім ойлар,
Жанып бір туған, Жас қазақ?
Құйылса көктен қаршыға,
Құрбаны қашар сайлақпен.
Өзіңді өзің қамшыла!
Өзіңе өзің қайрат бер!
Мүлгіген жетпес мұратқа,
Қалғыған мінбес құр атқа.
Көңілің жүрер Жұмақта,
Көзіңді салсаң жыраққа...
Тілеуің болса адал, ақ,
Тамшыдан теңіз құралар.
Атадан қалған аманат,
Бабадан қалған мұра бар.
Тақымға көнбей талабың,
Таймасын тұяқ тақырда.
Айласы басым ағаның
Ақылына еріп аһ ұрма.
Ажалдың құрып амалы,
Сақтасын сені Құдайым.
Кешегі күннің сабағы
Санаңда жүрсін ылайм.
Тағдырың тәлім баршаға,
Ақиқат жолын айғақтар.
Араңда әлі қаншама
Ләззаттар мен Қайраттар...
Сатулы бүгін сәлем де,
Қатулы бүгін қас - қабақ.
Қатыгез мынау әлемге
Қасқайып қара, Жас қазақ!
Қашаннан қаскөй қиянат
Қайтерсің батса шымбайға.
Береке, бақыт тиянақ
Табатын, қайран күн қайда?
Айдаһар ашса аранын,
Дәрменсіз қалма, дал болма:
Халқыңның тағдыр таланын
Қаймықпай, қане, ал қолға!
Шала ұйқы көрер шақ туды
Саған да, жаным, маған да...
Абылайдан қалған ақ туды
Алып бір шықшы Алаңға!!!
Жас қазақ
- ramuk_b
- 18 тамыз 2019
- 1330
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жас қазақ, Жас қазақ өлеңі, Исраил Сапарбайдың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ қызы
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жәйраңдаған. «Қыз өссе - елдің көркі...» деген сөзді Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!...Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің
Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің! Жарығым, құйттай күнім! Тіліңдегі "ападан" басқасын мен, айым – ау, ұқпай тұрым!...Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....Пай, пай! Пай!
Сағындым-ау, сағындым-ау! Талықсып, тар төсекке таңылдым-ау! Қапыда қалтылдаған жаным мынау, Жаратқан, нағылдым-ау, нағылдым-ау?!...Тауық тағы таң атпай айқайлады
Тауық тағы таң атпай айқайлады, Тарап кетті тәтті ұйқы балқаймағы. Көзімді ілмей төсекте дөңбекшимін, Түседі де ойыма қай-қайдағы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.