Мен елімді сүйемін!
Иә, сүйем!
Құлама құз,
Құзар шың,
Қиясымен...,
Жанарымның жасымен жылап аққан,
Қаламымның қанымен, сиясымен!
Сүйем оны мың құшып, мың аймалап!
Одан асқан жер бар ма шұрайлы, абад?!
Талып түсер жайым жоқ Жұмағыңа,
Тас төбемде тұрса да Құдай қарап!
Сүйем оның таспа жол, тау - тасын да,
Маржанын да теңіздің, малтасын да.
Аспандағы Айын да, алқасын да,
Дастандағы Қаракөз, Қамқасын да!...
Сүйем оны...
Кейде жек көріп тұрып,
Қара жерге өзімді көміп тұрып,
Үкілеген үмітін үндістердей
Жер бетінен кетсе де, өліп, құрып...
Сүйем оны,
Дос күліп,, қас таласып,
Тауқыметім жатса да, бастан асып!
Бар мұңымды,
Аяулы ән - жырымды,
Тағдырымды кеткенше тасқа басып...
Сүйем оны,
Себеп жоқ сүймесіме
Қарап тұрып қалқамның түймесіне.
Байшыкештің баз кешіп бау - бағынан,
Бикешіммен барсам да би кешіне.
Сүйем оның шарбағын, шалдарын да,
Бау - бағын да, ауылдың аумағын да.
Көлім жатыр көзімнің көзесінде,
Қорым жатыр ауылдың аржағында...
Мен елімді сүйемін,
«Неге?» деме.
Елемесең, қол созам селебеге?
.. Ер Едіге,
Ер Төстік,
Ер Тарғыннан...
Ертегі айтып беремін немереме!
Ертегіні сүйеді нағыз бала!
Абызға да әуес ол, аңызға да.
Отан деген – өз үйім, ұяжайым,
Үй ішінің ұйытқысы – жаны ізгі ана.
Мен елімді сүйемін – жан Отанды,
Балапанның ұясы – Қараталды!!!
Амандығын тілеймін жатсам - тұрсам,
Жайып тұрып Аллаға алақанды!
Елді сүю
- ramuk_b
- 18 тамыз 2019
- 1367
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Елді сүю, Елді сүю өлеңі, Исраил Сапарбайдың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Сергей Есенинге
Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге...Мен қарапайым қарттарды сүйем
Мен қарапайым қарттарды сүйем, He деген керім еді! He біледі осы жұрт, не біледі?! Бабалардың баласы - қариялар...Отаным. Астана
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарағой бастауыш мектебі Тилеукабылова Қуаныш...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.