Сенікі ме, менікі ме сонау гүл,
Арман үшін жүрміз жазып алау жыр.
Жат біреуге бақыт болып туатын,
Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір.
Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар,
Әйелдерсіз тірлігіміз не болар?
«Қой» дейтұғын қожаң егер болмаса,
Еркек байғұс азып-тозып жоғалар.
Әйел – сенің аспазың да күтушің,
Әйел барда биіксің де бүтінсің.
Әйел барда жалынсың – сен, отсың – сен,
Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.
Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,
Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.
Әйел сені, сен әйелді сүйгенсің,
Сен әйелден, әйел сенен сый көрсін.
Өз елінің ұлы болам деген жұрт,
Әйелдерге құл болуды үйренсін.
Әйел, әйел – арман әні, жол әні,
Дүниенің кешкі қоңыр самалы,
Әйел сені құл қып алмай алдымен,
Құдай құлып көтермейді жоғары.
Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын,
Көтер оның мерейі мен беделін.
Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің.
Әйел - сенің ақылшың
- ramuk_b
- 6 наурыз 2019
- 2836
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әйел - сенің ақылшың, Әйел - сенің ақылшың өлеңі, Тұманбай Молдағалиев, Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Мықты әйел...
*Мықты әйел боламын деп жүріп, көз жасыңды ешкімге көрсетпей, ішке жұттың. *Мықты әйел боламын деп күндіз - түні еңбек еттің, аз ұйықтадың....Ақ тышқан мен нәресте
Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен) асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір...Мұғалім әйел алмаңдар
Өзгерді қазір талғамдар, Шындықтан көп - ау жалғандар. Естерің болса еркектер, Мұғалім әйел алмаңдар!...Әйел
Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні - әйелде. Мықтымын десең ойыңды, Әйелге барып дәлелде....Әйел туралы мақал-мәтелдер
Жақсы әйел – ырыс, Жаман әйел – ұрыс. Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.