Алдияр тақсыр ханымыз!
Исатай батыр кеткелі
Кеміді біздің сәніміз.
Тілімді алсаң, тақсыр-ай,
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай!
Нетесің, тақсыр, табалап?
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырына паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңынан ерсем ағалап.
Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр!
Табаны жалпақ тарланбоз
Шабарында есінер.
Бір мінезі келгенде
Жібектей жұмсақ есілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады несіне ер?!
Тастай қатты тағдырың
Исатаймен шешілер.
Айтып-айтпай немене -
Қор болды-ау, қайран, есіл
Есіл ер
- ramuk_b
- 6 наурыз 2019
- 1454
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Есіл ер, Есіл ер өлеңі, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері, Махамбет Өтемісұлы
Ұқсас жаңалықтар:

Анашым
Анашым! Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам. Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам....
Естірту
Асқар, асқар, асқар тау, Асқар таудың басына Балапан ұшып шыға алмас. Сұңқардан қыран құс болмас, Соқтасы қатпай аң алмас....
Соғыс
Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым. Айғайлап жауға тигенде «Ағатай беріш!» ұраным....
Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға....
Баймағанбет сұлтанға айтқан сөз
Алақандай Нарында Басушы едім құлаштай. Жәбір беріп, жала етсең, Былғанған басым ыласқа-ай....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.