Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
Тілек
- ramuk_b
- 13 қаңтар 2019
- 1978
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тілек өлеңі, тілек, Бұқар жырау, Бұқар жырау өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Тілек
Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз: Ең шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа....
Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек
Қанша жұлдыз әлемде? Қанша теңіз әлемде? Сонша бақыт тілеймін Бақыты бол өмірде...
Досқа арналған өлең шумақтары
Досқа тілек жақсы ғой, Дос дегенін асыл ғой. Досым деген өзіңе, Күлкі тілеймін жүзіне....
Туған күнге арналған тілектер
Тілегім көп сізге айтар тек жақсылық Жақсы тілек айтыла берер баршылық Туған күнде шаттанып бір қуанышқа Жасап қалып жасарыңыз бір жасқа...
Ақ тілек (оқушы шығармашылығы)
Ақтөбе қаласы № 32 мектеп – гимназия 2 сынып оқушысы Ордухан Азизхусейн Эюпұлы Мұғалімі: Қажығалиева Клара Жанұзаққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.