Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын?
- Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
- Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Дамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
- Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келсеңдер адам болып.
һеш арманым болмас еді өлгенімше...
Шешенің балаларын сүюі
- ramuk_b
- 11 қаңтар 2019
- 1946
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шешенің балаларын сүюі, Міржақып Дулатұлы өлеңдері, Міржақып Дулатов
Ұқсас жаңалықтар:
Көкшетау
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын....М. Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі»
Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғындыру; Ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін түсіндіру....Шешенің балаларын сүюі
Мақсаты: Ананың құдіреті мен қасиеті туралы дерек беру. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, жүйелі сөйлеуге, өз ойын айта білуге баулу....Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі» Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау....Ыбырай Алтынсарин
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тассуат орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Сайранкүл Серікқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.