Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Қазақ тілі
- ramuk_b
- 5 қаңтар 2019
- 2619
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі өлеңі, Мағжан Жұмабаев, Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты....
Ана тілі туралы тақпақтар мен өлеңдер
Ана тілің – арың бұл Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің....
Тәуелсіз Қазақстан
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ақсу № 2 орта мектеп Мырзабекова Ұлмекен Тайыровна...
Түбір және қосымша
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін арттыру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушылар түбір сөз бен...
Деңгейлік тапсырмалар (7 сынып)
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға, тілін дамытуға бағыттайды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.