Сәуір күні жаңбырлы ма, желді ме,
Қабағынан шуақ шашты келді де,
Алты ай қыста үйден шықпай отырған
Атама өзі жұмыс тауып берді де.
Бақ ішіне ертіп барды атамды,
Атам күннен таусылмайтын от алды.
Ауламызға егіп жатыр алма ағаш,
Алмаға бір тойдырам деп ботамды.
Ботасы мен алмаға бір тоймайтын,
Іші пысса, күшігімен ойнайтын,
Кәмпит те бар, өрік те көп, алма көп,
Атам бар да менің қамымды ойлайтын.
Өзі ақылшы, өзі қамқор, өзі бек,
Ботасына үйрететін сөзі көп.
Атам еккен ағаштарға су құйдым,
Жемістерін берсе екен деп тезірек.
Сәуір келгенде
- ramuk_b
- 27 желтоқсан 2018
- 1165
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сәуір келгенде өлеңі, Тұманбай Молдағалиев, Тұманбай Молдағалиев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқышының үйінде
-Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. -Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?.....Күз
Сап-сары күз соныменен келді ме, Ағаштардан жапырақтар төгілді. Несібесін жинап жатыр ел міне, Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді....16 саны мен цифры
16 санының құрамымен таныстыру. 0 - ден 16 - ға дейінгі сандарды ауызша, жазбаша тура, кері санап үйрету. Дидактикалық ойындар арқылы ой – өрістерін...Қожабек Аружанның өлеңдері, шығармалары
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 2 "Г" сынып оқушысы Қожабек Аружан Төребекқызы Мұғалімі Далиева Кенже Абубакирқызы...Көктем келе жатыр ма?
1«б» сынып оқушысы: Аманқос Асылбек...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.