Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Адамдық диқаншысы
- ramuk_b
- 24 желтоқсан 2018
- 3518
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Адамдық диқаншысы, Адамдық диқаншысы өлеңі, Ахмет Байтұрсынұлы, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Адамдық борышың
Адамдық борышың – Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл....Борыш туралы ұлағатты сөздер
Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Ахмет Байтұрсынұлы...Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»
Тақырыбы, айтар ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай...Мақсат және себеп-салдар үстеулері
Сабақтың тақырыбы: Мақсат және себеп - салдар үстеулері. Сабақтың мақсаты: білімділік – үстеулердің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру,, Орхон -...Нәзір Төреқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі эк ...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Шораева Перизада Еренқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.