Күн күлмейді еркінше нұрын шашып,
Дамылсыз көк күмбезін бұлт басып.
Отыр міне қарт анам ойға шомып,
Таянып ұршығына, құты қашып.
Күн шығып, көп кідірмей қайта батқан,
Тұншығып бұлт астында таулар жатқан.
Қар жамылған кең дала, асау өзен
Үстінде көкшіл меруерт мұзы қатқан.
Тәкәппар қыс лебі неткен күшті,
Ақ қырау алыстағы орман үсті.
Иілтіп әлсіз дене жас шыбықты,
Ұлыған долы боран соға түсті.
Ұлпа қар кеше ғана жауып өтті,
Кіршіксіз аққа орап төңіректі.
Жүзіңді бейне сұлу нұрға бөлеп,
Жабысады шытқыл аяз қарып бетті.
Ақша қар көз ұялтып, шағылысып,
Алтынның ұнтағындай жылт-жылт етті.
Ысқырып, аяз зулап кең далада,
Көркіне көз ілеспей қаққан сылаң.
Лебімен уын шашқан айналаға,
Тәрізді ысқырығы зәрлі жылан.
Қыстың күні
- ramuk_b
- 22 желтоқсан 2024
- 4621
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қыстың күні, Қыстың күні өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі 9 сынып. Диктант "Қысқы түн"
Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру....Қыс
Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп, Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп, Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап, Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып,...Туған жер туралы жыр
Көне тарих баспалдағын сатылап, Жаңа күнде жайып жаңа жапырақ. Кәрі Торғай шаңырағын көтеріп, Орда тікті облыстың атын ап....Табиғат туралы жұмбақтар
Қу талақай үйірілген, Желден шүй кейірілген. Құйын Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып, Жүреді кейде көп боп, кейде азайып. Барлығы көпке мәлім болса...Күз туралы тақпақтар
Жалын жалап өтті бір, Жүдеп қалды көп түбір. Одан әрі бармайды, Жапырақтар сарғайды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.