Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен.
Жантайып жатып көп іштім
Жаздықтың шалшық көлінен.
Қайтейін енді, дүние - ай!
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен.
Мен ақ сұңқардан туған қудаймын,
Бір сұңқарға жұбаймын
Сауырыма қамшы тигенде,
Шаппай не ғып шыдаймын
Түбін қазған мен бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.
Арғымаққа оқ тиді
- ramuk_b
- 13 желтоқсан 2018
- 1859
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Арғымаққа оқ тиді, Арғымаққа оқ тиді өлеңі, Махамбет Өтемісұлы, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Естірту
Асқар, асқар, асқар тау, Асқар таудың басына Балапан ұшып шыға алмас. Сұңқардан қыран құс болмас, Соқтасы қатпай аң алмас....
Қоштасу
Маң-маң басқан сары атан Маңыстап шығар өріске. Бұрынғыдай қарыштап, Қона алмадың қонысқа, Келе алмадың келіске....
Қыз қуу
Елең болмай жайлауда жаз аптабы, қызып кетті бойымда қазақ қаны: - Ертте, жезде, ең жүйрік сәйгүлікті - басталуға "Қыз қуу" аз-ақ қалды!...
Татьяна сөзі
(А. С. Пушкиннен) Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең....
Доспамбет жырау
Доспамбет жырау (XVI ғасыр) Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған. «Азаулының Стамбулдан несі кем» деген...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.