Улы өмірімді,
Сұр көңілімді
Талақ еттім, тастадым.
Нұрлы өмірге,
Гүл көңілге
Енді шыға бастадым.
Таңдап сүйіп,
Кеп жыл күйіп,
Бақ есігін ашқаным.
«Өмір қызық»
Деген сөзді
Бір өзіңмен растадым!
1932 жыл
***
Сүйегімді босатқан,
Серігімсің жасатқан.
Сүйдім сені, өміріме,
Сөзім, антым - осы айтқан!
Жанымды сен жаңартқан,
Өмірімнен тазартқан.
Жүрегімсің шер тартқан.
Серігімсің қол артқан.
Мен сүйген соң сүйерсің,
Мен күйген соң, күйерсің,
Сүйгендіктен сыйлармын,
Сыйыңды өзің білерсің.
Ардақтармын сүйген соң,
Көңіліңе жіп салмаспын,
Өзгерермін біржола,
Мен бұрынғы болмаспын.
Ден қоярмын мен саған,
Білерсің де билерсің.
Сыйларсың да күтерсің,
«Би» осыған үйренсін!
1932 жыл
Бақыттымын
- ramuk_b
- 13 желтоқсан 2018
- 1555
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бақыттымын, Бақыттымын өлеңі, Ілияс Жансүгіров өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жүректе жатыр бар кінәм...
Шағала құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. Сағыныш емес, Жанымды өрті шарпыған., Өкініш емес, өрт болып бойда өрілген, Өлеңді сүйген жүректе жатыр бар...Ата-ананың қадірін
Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. Дәулетіңнің қадірін Мал кеткенде білерсін. Маңдайдағы...Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....Қазақша мақал мәтел (Ата-ана, әке-шеше, ұл бала мен қыз бала)
Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Ата - анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.