Отбасы - адалдық пен алғыс бағы,
Қос жүректің сүюі, жан құштары.
Балапандай көруші еді сені өмірде,
Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы.
Деген-ді бәрі сені еркелесін,
Солардың көз алдында сен келесің.
Саған да ұсынды ма мына өмір
Киелі келін болу мәртебесін.
Гүлі едің аялаған ата-ананың,
Ұзатты бүгін жар ғып боталарын.
Тәлімін көріп сен де өз жұртыңның,
Белгілі жақсы келін атанарың.
Артыңда қалып барады бала мекен,
Ұзатпай қыз бақытын таба ма екен.
Барасың ұзатылып, қызға өмірде
Өзге жол бұдан бөтен бола ма екен.
Жар болар бақыт жолын танығасын,
Өмірдің заңына осы бағынасың.
Сен тіккен ақ отаудың түңлігінен
Әрдайым бақ сәулесі жамырасын!
Жүзіңде сол бақ сәуле күліп тұрсын!
Жар көңіл жар көңілін ұғып тұрсын!
Ақ отау саған бақыт сыйлап әр кез,
Мәңгілік қос жүректі біріктірсін!
Көзіңнен шаттық болып күн кетпесін!
Жүректе қуаныш боп гүл көктесін!
Бақыт боп ән төгілсін лебізіңнен,
Көкейден соны жырлар жыр кетпесін!
Артыңда қалып барады балғын мекен,
Бақ даңғыл күтсін сені алдыңда кең.
Барасың ұзатылып, қызға өмірде
Болуы мүмкін де емес жолдың бөтен.
Ұзайды қыз өмірдің бағын ұғып,
Жар болар өз жарының жанын ұғып.
Сыйлы бол шаңырағыңа барған жерде,
Алдыңнан жансын бақтың шамы күліп!
Келген соң екі жақ бір келісімге,
Кеңейер қыз арқылы өрісің де.
Бақытты болсыншы деп сені өмірде,
Толқып тұр бар жақының сен үшін де!..
Гүлі едің аялаған ата-ананың
- ramuk_b
- 11 желтоқсан 2018
- 2277
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Гүлі едің аялаған ата-ананың өлеңі, отбасы туралы өлеңдер, тақпақ
Ұқсас жаңалықтар:
Перзенттерінің аналарына тілегі
Өсіп-жетілдік сенім бағында, Сенімнің бағы - ана мейірімі. Күндерді осы сенің барыңда Санаймыз, ана, өмір сыйлығы....Әпкеге тілек
Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты, Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты. Біздің үйден басталған бір соқпақ жол Сені бізден бақытқа ала қашты....Бақытты бол
Өр көңілім саған қарай сүйреген, Әнім едің шырқай салған кештерде. Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен, Терезеден сенің шамың өшкенде....Әкенің ұзатылған қызына тілегі
Болған едім сырласың да, ақылшың, Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың. Балдәуренің бойжетті де бір күнде, Туған үйден ұзап бара жатырсың....Серіксіз бе едің, құрбыжан?
Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан-жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап, Жүресің,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.