(марқұм нағашы әжемнің рухына арнаймын)
Өзіңсіз мынау жалғанда,
Қайғының орны толар ма?
Өмірден өткен жан әжем,
Кезек бір келер маған да.
Көктемі кетіп, күз кеудем,
Әжемді жүрмін іздеумен.
Мен сізден күдер үзгем жоқ,
Басқадан күдер үзгенмен.
Санамды билеп мұң-қайғы,
Ұйқымды күнде ұрлайды.
Тұрлаусыз мынау тіршілік.
Ешкімде мәңгі тұрмайды.
Бәрінен кейде кеш қалып,
Жоғалтқандаймын есті анық.
Жан әжем, аза жыр жаздым,
Сағынып сізді еске алып.
Сағындым әже
- ramuk_b
- 10 желтоқсан 2018
- 5948
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сағындым әже, өлең әжеге, апаға арналған, өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Жанымда жүрші
Жанымда жүрші аласармайтын армандай асқар тауым боп, шілдедегі аппақ жауын боп....Өлген ойлар
Дүние ғапыл, өткінші тағдырың-ай, кім шығарған жалғанда заңды бұлай? Болды-толды, өмірден өтті-кетті... Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай....Әкені қызының құттықтауы
Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел, Әке, сізді бүгін бәрі түсінер. Құрдас десе сізді тұстастарыңыз, Аға дейді сізді барлық кішілер....Менің әжем
Әр бала үшін қашанда әженің орны ерекше. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Қуансам әрдайым қасымнан табылатын, шаршасам сүйеу болар әжетайым менің...Өлеңдер жинағы
Байзақ ауданы, Көкбастау ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің 4 а сынып оқушысы Нұрмаш Сымбат Болатбекқызы Жетекшісі: Гүлжазира Тайтиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.