Бұ дүние жолдас емес адамзатқа,
Кетедi, қайта тастап жанған отқа.
Дүниенiң жамандығын көзiне айтып,
Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа.
Бұ дүние қыларына тимек шырын,
Аунасаң, кетiресiң ердiң түрiн.
Аулад адам жаралған барша жанды
Келесiң бәрiн тастап бiрiн-бiрiн.
Ойласам, дүние iсiнде жоқ-ты сапа,
Баршасын жолдасыңның қылдың қапа.
Бәрiн де қарайғанның налытасың,
Мақұл ма осының да, ей, би опа?!
Ит дүние, қарамайсың Құдайға-ай сен.
Тұрмайсың бiр қалыпта орайға-ай сен.
Басынан не ерлердiң кештiң желдей,
Баяндап кім ге тұрдың қуармай сен.
Ит, дүние, сен бiр сәурiк айғырдайсың,
Ешкім дi өз бетiңмен бай қылмайсың.
Қуасың әлi оны , әлi мұны,
Тыныштықпен еш қысырақты жайдырмайсың.
Артыңнан иең қуып өкпесi өшер,
Қайта оған қуанасың, қайғырмайсың.
Сенім нен ат –тоныңды ала қашып,
Сараңнан табаныңды тайдырмайсың.
Қуады, дүние, сенi, барша халық,
Сен деп жүрiп өмірi өтер, ғапыл қалып.
Сен иттiң жаның ырза, жолдасың сол.
Iшпей, жемей, шанашқа қойса салып.
[Iш]iп-жеп, не керегiң кимеген соң,
Шашып, төгiп жүрудi сүймеген соң.
Мәлім ғой ақыретте берер пайдаң,
Жалғанда бiр сiлемің тимеген соң.
Бiр бақса, дүние, сенi шаруа бағар,
Бағудың шаруа сорлы бабын табар.
Жеткенге қадiрiңе айланасың.
Кейбiреу қадiрсiз қып жаудай шабар.
Бабыңды, дүние, сенiң адам таппас,
Үйiнде батпаушылар тыныш та жатпас.
Бас-басы саған пәле дүние жиған,
Мал сойса, сейсенбi күн саған жақпас.
Құдайым алайын деп қаһар қылса,
Деймісiң сәрсенбi күн ебiн таппас.
Қайда ағаштың басасың қайғы басын.
Сол үшiн саған менiң көңiлім шаппас.
Ит дүние
- ramuk_b
- 8 желтоқсан 2018
- 1892
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ит дүние, Ит дүние өлеңі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім, Білдірмей серілік пен жүріп едім. Бұл күнде арық қойдан бағам кейін, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім....Өміріме өкпем
Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың ба? Тән арып, тамырда қан қалмадың ба? Жалған үшін жан қиып, жапа шектім, Еңбегім, екі болып, жанбадың ба?...Дүние мен өмір
Бiлiмдiлер насихат көп жазады, Адам үшiн уайым жеп жазады. Байқап оқып отырсам, cоның бәрi Дүниенi «сұм», «алдамшы» деп жазады....Жарты нан
Айтатын құран сөзiн молда қайда? Дүние үшiн ойлағаны амал, хайла. Айтайын бұрынғының нақыл сөзiн Қайырдан аз да болса көрген пайда....Дүние бос қалды ғой сен кеткелі
Дүние бос қалды ғой сен кеткелі, күлегеш достарды қой жер-көктегі: ешбірі өзіңдей боп жүрегімді шаттықтан не қайғыдан кернетпеді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.