Бұл дүниенің жүзінде
Айдан көркем нәрсе жоқ -
Түнде бар да күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ -
Күндіз бар да түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ?
Тілде бар да дінде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ?
Бірде бар да бірде жоқ.
Азамат ерлер кімде жоқ?
Еріскен күні қолда жоқ.
Заманым менің тар болды -
Тура әділдік биде жоқ.
Бәрін айт та бірін айт -
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да менде жоқ.
Менің атым - Махамбет
Менің атым - Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса-дерт.
Атасы өткен Айшуақ -
Соның көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік -
Екеуіміз жүргенде,
Бір-бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік -
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік -
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік -
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!
Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Талма талтүс шағында
Тай жеген тарлан бөрі едік...
Біздің жайды сұрасаң,
Ерте көшіп, кеш қонған
Санаулы сәнді орданың бірі едік!
Жалғыздық
- ramuk_b
- 8 желтоқсан 2018
- 2458
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жалғыздық, Жалғыздық өлеңі, Махамбет Өтемісұлы, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Суық күз сұрғылт
Суық күз сұрғылт, Сұрланып аспан,-күн жауған. Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан. Көтеріп алып, Өтетін едік сулардан, Қызғалдақ-қызды жаңадан...Жол үстінде
Ақмырзаның баласы, Ежелден едік сырдесте. Атым арық, қарашы, Амалым жоқ мінбеске....Алғыс айтып өтем саған
О бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің....Махамбеттің Баймағамбетке сұлтанға айтқаны
Алай ма, сұлтан алай ма! Астыма мінген арғымақ Аяңдап түсіп марай ма? Арғымақ дейтін жығылар,...Тар қамау
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.