Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қара шалар деп;
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапса дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп;
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!
Белгілі биік көк сеңгір
- ramuk_b
- 6 желтоқсан 2018
- 1819
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Белгілі биік көк сеңгір, Белгілі биік көк сеңгір өлеңі, Қазтуған Сүйінішұлы, Қазтуған Сүйінішұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!...
Жомарт, жомарттық туралы мақал-мәтелдер
Жүйрік тоқтығын білдірмес, Жомарт жоқтығын білдірмес. Жоқшылық жомарт ердің Қолын байлар....
Өкініш
Толғай да толғай оқ атқан, Он екі тұтам жай тартқан, Қабырғасын қаусатқан, Тебінгісін тесе атқан,...
Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға....
Ұлы Арман
Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда Еңкеймей кірер күн қайда?...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.