Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..
Еділ бол да, Жайық бол
- ramuk_b
- 3 желтоқсан 2018
- 3577
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еділ бол да, Жайық бол өлеңі, Асан қайғы өлеңдері, Асан қайғы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Ел қияға қонғай ма? Еділ, Жайық арасы Кеңшілік қоныс болғай ма?! Ебей басты құба үлек...Еділ, Жайық - екі өзен
Еділ, Жайық - екі өзен, Талсыз болар деймісің. Көкшетаудың көп көлі Елсіз болар деймісің....Жауынды күні көп жүрме
Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты. Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман өз басыңа айғақ-ты! Асау тулап...Баймағанбет сұлтанға айтқан сөз
Алақандай Нарында Басушы едім құлаштай. Жәбір беріп, жала етсең, Былғанған басым ыласқа-ай....Асан қайғы
Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.