Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың,
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып алып кетіпті
Қалмақтан алмақ сыйыңды,
Қаһарыңды басқалы
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиембет сынды биіңді.
Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды,
Он екі ата байұлы
Бір тәңірге сыйынды.
Әмірің қатты Есім хан
- ramuk_b
- 23 қараша 2018
- 2176
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әмірің қатты Есім хан өлеңі, Жиембет Жырау өлеңдері, Жиембет жырау әрі әскербасы
Ұқсас жаңалықтар:
Ызақорлар
Ашу келсе, тұрғызбас, Артыңа мойын бұрғызбас. Көрінеу отқа салады, Орынды жұмыс қылғызбас....Еңсегей бойлы Ер Есім
Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менім кеңесім. Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін....Жиембет жырау
Жиембет Бортоғашұлы жырау, әскербасы болған. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған....Жетпіс жұмбақ №5 Абдрахман Асылбек
Қарт емес – Тәтті. Мұз емес – қатты (Науат)...Жиембет жырау
Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.