Басы саудың түгел-дүр
Толған тоғай малы-дүр.
Тоқтамай соққан толағай
Толастар мезгіл жеткей-дүр.
Керегеге ілінген
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан алмай кегімді,
Есіл де өмір өткен құр.
Азап шектім аралда
Ханға қарсы тұрам деп.
Түн ұйқымды бөлгенмін,
Жұртымды жөнге салам деп.
Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік,
Қашырды бүйтіп елімнен
Күйеуден безген қатындай.
Басы саудың түгел-дүр
- ramuk_b
- 23 қараша 2018
- 1195
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Басы саудың түгел-дүр өлеңі, Жиембет Жырау өлеңдері, Жиембет Бортоғашұлы жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Өміріме өкпем
Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың ба? Тән арып, тамырда қан қалмадың ба? Жалған үшін жан қиып, жапа шектім, Еңбегім, екі болып, жанбадың ба?...Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нәрсе жоқ - Түнде бар да күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ - Күндіз бар да түнде жоқ....Әлемді түгел көрсе де
Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де Қызыққа тоймас адамзат....Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....Тар қамау
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.