Әрәйнә, жігіттер, Әрәйнә!
Арғымағың жарай ма?
Астыңа мінген арғымақ
Аяңдай түсіп, марай ма?
Арғымақ дейтін жығылғыр,
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?
Күшіген жүнді шал жебе
Жауына қардай борай ма?
Ел шетіне жау келсе,
Азамат ердің баласы
Намысына шыдай ма?
Жаттан көмек сұрай ма?..
Арғымақ жалғыз, Ер малсыз,
Алланың не берері болжаусыз,
Жолдастарым, мұңайма!
Әрәйнә
- ramuk_b
- 16 қараша 2018
- 1212
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әрәйнә өлеңі, Махамбет Өтемісұлы, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген....Абырой туралы мақал-мәтелдер
Қызыл тіл жанның мияты, Абырой ердің қуаты. Абырой қонар жігітке Ажалды қоян тап келер....Мақтаншақ туралы мақал-мәтелдер
Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба, Алдында құрулы торлар бар. Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба Алдында алуан орлар бар....Махамбеттің Баймағамбетке сұлтанға айтқаны
Алай ма, сұлтан алай ма! Астыма мінген арғымақ Аяңдап түсіп марай ма? Арғымақ дейтін жығылар,...Ұлы Арман
Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда Еңкеймей кірер күн қайда?...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.