О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
О, Ақтан жас, Ақтан жас
- ramuk_b
- 13 қараша 2018
- 3415
- 0
- 0
Ілмек сөздер: О, Ақтан жас, Ақтан жас өлеңі, Дулат Бабатайұлының өлеңдері, Дулат Бабатайұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Кім күшті
Күресе де білетін, Тіресе де білетін Алтай бала бәрінен Күштімін деп жүретін....Ақ кимешек көрінсе
Әже, сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем. Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем, Ақ кимешек астынан сені көрем....Биге неге шақырмадың?
Бірінші рет сені тойда көріп ем, Күлімсіреп маған сәлем беріп ең. Неге екенін мен өзім де білмеймін, Орын алдың жүрегімнің төрінен, сәулетай....Әріптер айтысы
Алматы қаласы, №148 мектеп - гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жеткеншек Меңдіғалиұлы...Дулат Бабатайұлы
Қызылорда облысы, Жосалы кенті № 121 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Гулжанат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.