Дін пұсырман баласы
Адамдықтан жерімес,
Тіл пұсырман, қарашы,
Арамдықтан шегінбес.
Дәніккесін бұл шіркін,
Адал бір дәм жегізбес!
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйрығы қамшыдай
Бура сойған не сұмдық!
Тоқымы кеппей топтанып,
Ел тонауға аттанып,
Жылқышысын дойырлап,
Жылқыларын сойылдап,
Көрші жұртты шулатып,
Жаудай шапқан не сұмдық!
Қарап жатқан жыланның
Құйрығын неге басасың?
Шағайын деп шапшыса,
Шоршып неге қашасың?!
Ұл он беске келгенше -
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса - доңызың.
Не бетіңмен қорғайсың
Жауқашардың тоғызын?!
Бәкеге
- ramuk_b
- 7 қараша 2018
- 1372
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бәкеге өлеңі, Үмбетей жырау өлеңдері, Үмбетей жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Ақсеркеш
Бір атты сатып міндім елу беске, Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке. Бозбала, бекер сал боп неге керек, Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке"....Аязда
Аяз үйге қуып кеп, Бүгін сұмдық суық деп, Қабат-қабат киіндім, Мықтап буып-түйіндім....Төрт түлік мал туралы мақал мәтелдер
Қой қорасына тартады, Жігіт жорасына тартады. Қыста қойыңды бақ, Жазда шөбіңді шап!...Көкте бұлт сөгілсе
Көкте бұлт сөгілсе, Көктеп болмас, не пайда; Көкіректен жан шықса, Қайтып келмес, не пайда; Дін пұсырман болмаса, Тіл пұсырман не пайда;...Сандарға байланысты мақал - мәтелдер
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Канторбаева Шану Ракишевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.