Ханға жауап айтпасам,
Ханның көңілі қайтады.
Қандыра жауап қатпасам,
Халқым не деп айтады?
Хан Абылай, Абылай,
Қайғылы мұндай хабарды
Сұрамасаң не етеді?
Сұраған соң айтпасам,
Кісілігім кетеді.
Енді айтайын, тыңдасаң,
Маған қаһар қылмасаң.
Қарағай - судан қашықтап,
Шөлге біткен бір дарақ.
Шортан - шөлге шыдамсыз,
Балықтан шыққан бір қарақ.
Ойлама шортан ұшпас деп,
Қарағайға шықпас деп.
Күнбатыстан бір дұшпан
Ақырда шығар сол тұстан.
Күншығысқа қарайды,
Шашын алмай тарайды.
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ,
Өзі сынды бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір
Жаяулап келер жұртыңа!
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа.
Жебірлерге жем беріп,
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей, ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды,
Есепке салар барыңды,
Еліңді алар қолыңнан,
Әскер қылар ұлыңнан!
Бұл айтқаным, Абылай,
Болмай қоймас артыңнан.
Тексізді төрге шығарып,
Істетер сұмдықты ұйғарып.
Асан сөзі осылай
Бүгін үшін аһ ұрған.
Жауабыма қандың ба,
Естіп болып қартыңнан?!
Ханға жауап айтпасам
- ramuk_b
- 7 қараша 2018
- 1701
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ханға жауап айтпасам өлеңі, Үмбетей жырау өлеңдері, Үмбетей жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Ай, Абылай, Абылай
Ай, Абылай, Абылай, Жеңбеген жауың қалмады-ау, Алмаған жерін аз қалды-ау....Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің
Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің....Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту
Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тындамай....Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің....Бұқар жырау Қалқаманұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.