Шырылдап безек қаққан балапандай,
Нәр сұрап тіршіліктен бала таңдай.
Жатқанда жайылып ең астыма кеп,
Жөргегім - кең мекенім алақандай.
Толғантқан күні-түні бала қамы,
Ананың секілденіп алақаны.
Жатып ең жамбасында жұп - жұмсақ боп,
Өмірден алғанда алғаш алақаны.
Өзіңнен басталыпты береке күн.
Басы сен бақыт пенен берекенің.
Мол кебін емес өзің ұқтырасың,
Мынау жарық жалғанның кең екенін.
Жөргек
- ramuk_b
- 23 қазан 2018
- 1684
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жөргек өлеңі, Әбіш Кекілбаев, Әбіш Кекілбаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Наурыз көже жайында аңыз
Қазығұртқа Нұх Пайғамбар кемесі күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының 21 - нен 22 - не қараған түні екен. Пайғамбар топан су...
Түңілу туралы мақал-мәтелдер
Кебін кигеннен түңіл, Кебенек кигеннен түңілме....
Гүлі едің аялаған ата-ананың
Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....
Отбасым - бақыт мекенім
Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным...
«Аялы алақан»
№ 17 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ашимова С.А....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.