Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
Өнер-білім бар жұрттар
- ramuk_b
- 16 қазан 2018
- 3603
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Өнер-білім бар жұрттар өлеңі, Ыбырай Алтынсарин шығармалары
Ұқсас жаңалықтар:

Ақсеркеш
Бір атты сатып міндім елу беске, Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке. Бозбала, бекер сал боп неге керек, Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке"....
Бәрін білгім келеді
Олимпиада мақсаты: Балалардың өткен оқу іс - әрекеттері бойынша алған білімдерін, тапқырлықтарын байқау. Шығармашылық қабілеттерін әр түрлі...
"Күмән" Машқар Гумеров
"Күмән" Машқар Гумеров...
Ыбырай Алтынсарин
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тассуат орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Сайранкүл Серікқызы...
Интеллектуалды ойын " Ұшқыр ой мен шешен тіл"
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.