Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзбен салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.
Бас ауырса бақсыларды
Алып келіп бақтырарсың.
Жазықсыз жануарды сойып,
Өкпеменен қақтырырсың.
Жын - бәлекет қашады деп,
Тұмар алып тақтырарсың.
Білмес надан еткен істен.
Ешбір қайыр табылмас.
Алған жарың жаман болса,
Бір Тәңірге көп налырсың.
Жарым сондай болса екен деп,
Көрінгенге көз саларсың.
Әз елде маңдайыңа нені жазса соны аларсың.
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас.
Катының өлсе қарыс ұрып қаларсың.
Аны - мұны қармалап,
Және біреуді аларсың.
Бір кеткен соң қамқор әке - шешең табылмас.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
- ramuk_b
- 16 қазан 2018
- 1893
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әй, жігіттер өлеңі, Ыбырай Алтынсаринның өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Дін туралы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі. Бөріге қой алдырмас ердің ері. Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері....Алтын туралы мақал-мәтелдер
Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық. Алтын тастан шығады, Ақыл жастан шығады....Бақыт туралы мақал-мәтелдер
Өнерлі қол - бақытқа жол. Бақыттыға бақ - дәулет бас көтертпейді. Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл....Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....Азған елдің хандары
Азған елдің хандары, Тақ үстінде отырғандары. Жарлыдан алып байларға, Сыйлар берсе керек - ті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.